Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№84 газет

22 қазан 2024 ж.

№ 83 газет

19 қазан 2024 ж.

№ 82 газет

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Өңірлік кадр резервінің бірқатар резервшілері конкурстық іріктеусіз лауазымдарға тағайындалды

Өңірлік кадр резервінің бірқатар резервшілері конкурстық іріктеусіз лауазымдарға тағайындалды

2024 жылдың 1 наурызынан бастау алған Өңірлік кадр резервіне іріктеудің нәтижесімен Қызылорда облысының Өңірлік кадр резервіне 25 кандидат алынған болатын.

Қазіргі таңда резервшілерге жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары ұсынылуда.

1. Ұсынылған лауазыммен келіскен Өңірлік кадр резервінің резервшісі Мөлдір Қайратқызы Мұратова Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасыныңинвестиция тарту және сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.

М.Мұратова осы кезеңге дейін аталған басқарманың инвестиция тарту және сыртқы байланыстар бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

2. Осы кезеңге дейін Сырдария ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы лауазымын атқарып келгенӨңірлік кадр резервінің резервшісі Ердос Сәрсенбекұлы Беркінбаевконкурстық іріктеусіз Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалды.

3. Өңірлік кадр резервінің резервшісіЕсенкелді Ережеп Есенкелдіұлыосы кезеңге дейін Сырдария ауданының Айдарлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымын атқарып келген болса, жақында Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.

4. Бұрын Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығында маман болған қызметкер Өңірлік кадр резервінің резервшісі Маденов Серікболсын Бекболатұлыконкурстық іріктеусіз Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалды.

Қызылорда облысының Өңірлік кадр резервіне алынған резевршілерді конкурстық іріктеусіз бос лауазымдарға тағайындау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.


Бақытжан НҰРАЛЫ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша
департаментінің бас маманы
21 қазан 2024 ж. 72 0