Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БҮГІНГІ БЕРЕКЕМІЗ — ЖҰМЫЛА ЖАСАҒАН ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ

БҮГІНГІ БЕРЕКЕМІЗ — ЖҰМЫЛА ЖАСАҒАН ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ


Сырдария ауданында соңғы жылдары ауқымды жұмыстар атқарылып, бірқатар тың жобалар жүзеге асуда. Жыл сайын ауыл шаруашылығы бойынша көшбасшылар қатарында келетін ауданның бұл саладағы жетістіктері бір төбе. Биыл құрылғанына 90 жыл толатын өлкеде әлеуметтік-экономикалық, рухани, мәдени тұрғыда алда қандай мақсат-міндеттер бар? Бұл жөнінде аудан әкімі Ғанибек Қазантаевпен сұхбаттасқан едік.

– Ғанибек Қонысбекұлы, соңғы жылдары Сырдария ауданында көптеген әлеуметтік мәселелердің реттеліп жат­қанын білеміз. Әсіресе, ауылдар жағдайын жақсартуда ауқымды жұмыстар бар екен. Әңгімемізді осы тақырыптан бастайықшы.
– Алтын бесік саналатын ауыл жағдайын түзеу – басты назарымызда. Барлық экономикалық реформалардың негізгi мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру десек, аудан халқының басым бөлігі ауылдарда орналасқаны белгілі. Бір кездері ажары кетіп, жаппай қалаға қоныс аударудан көңілге орнаған сенімсіздік пен ауыл келешегіне деген алаңдаушылық мәселелері қазір өз шешімін тапты. Елді - мекендерде жаңадан ауыл әкімдігінің ғимараттары, білім ордалары, ауылдық клуб үйлері, балабақшалар, дәрігерлік-амбулаториялар салынды. Мысал ретінде, аудан орталығынан шалғай орналасқан бір ғана Іңкәрдария ауылында атқарылған жұмыстарды ай­туға болады. Ауылға жаңадан әкім­дік ғимараты салынып, 120 орын­дық клуб үйі мен дәрігерлік-амбулатория пайдалануға берілді және білім ошағы күрделі жөн­деуден өтті. Былтыр, соңғы он жылдан бері өзекті мәселеге айналған елді - мекеннің кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 291 млн теңге бөлініп, жұмыстары аяқталды. Жөндеуден өткен жолдың ұзындығы 7 шақы­рым, ені 7 метрді құрайды. Бүгінде Іңкәрдария ауылының халқы 24 сағат бойы таза ауыз су тұтынып отыр. Айдарлы ауылында аудандық бюджет есебінен ауылдық клуб үйі бой көтерді. Ауыл еңбеккерлері «Торпедо» қауынын егіп, өнім­дері өз елімізбен қатар Ресей мем­ле­кетіне саудаға шықты. Бұл елді - мекеннің кәсіпкерлікке ден қойғанын білдіреді. Сонымен қатар, барлық ауылда ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды. Өткен жылы егін егумен айналыса­тын шаруашылық құрылымдары 1 млрд 506 млн теңгеге 35 ауыл шаруа­шылығы техникаларын алды. Шіркейлі ауылындағы жаңа мектеп пен мөлтек аудан ашылып, инфра­құрылым жүргізу жұмыстары аяқ­тал­ды. С.Сейфуллин ауылында да аудандық бюджет есебінен бала­бақша, ауылдық клуб, орта мек­тептің акт залы мен кітапханасы салы­нып, пайдалануға берілді. Жал­пы, айтқанда соңғы жылдары ауыл­дарымыздың әлеуетін кө­теру бағытында біраз нәтижеге қол жеткізілді.
– Кентте салынып жатқан жаңа бас­паналар, қайта жаң­ғыр­тылған нысандар, кәріз жүйе­лері ауданның өз кірісінен ат­қарылуда екен. Жалпы, Сырдария ауданы инвестиция және қосымша қаржы тарту жағынан облыстағы маңдайалды аймақ. Биыл бұл жұмыстардың бағыты қандай?
– Ерекше «экономикалық ке­зең­ге» қарамастан соңғы жылдар ау­данымыз үшін жетістіктер мен жаңалықтарға толы табысты жыл болды. Өткен жылы аудандық бюджеттің түсімі 7 млрд 496 млн теңге көлемінде қалыптасты. Оның ішінде 4 млрд 528 млн теңге өз кірісіміз.
Былтыр аудан экономикасына 52 млрд 581 млн теңге негізгі капиталға инвес­тиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге орындалды. Ал, ағымдағы жылдың үш айында аудан экономикасына 5 млрд 342 млн теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 133,2 процент болып отыр. Былтыр өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 1 млрд 243 млн теңгенің өнімін өндірді, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңіне 112,1%-ті құрады. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айында ауданның өнеркәсіп орындары 281,6 млн теңгенің өнімін өндірді. Биылғы басты мақсатымыз бұл – барлық әлеуметтік міндеттемелердің уа­қы­тылы орындалуы, халықтың жұ­мыс­пен қамтылуы және әлеуметтік тұ­рақ­тылықтың сақталуы болып қала береді.
– Күріш өндірісі де аудан үшін көп табыс әкеліп отырғаны белгілі. Биыл қанша көлемде өнім егу жос­пар­лануда? Жалпы, ауданның ауыл­шаруа­шылық саласында қандай өзгерістер бар?
– Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында алдағы 5 жылдың ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырды. Осыған орай, ауданның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Агрокартасын жүзеге асырудың 2018-2022 жылдарға арналған іс-шара жоспарында негізгі бағыттардың бірі болып – өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау және өндірісті әртараптандыру болып айқындалды. Үстіміздегі жылы бекітілген сызбаға сәйкес 29926 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Оның ішінде күріш – 18500, жаздық бидай – 500, жүгері – 200, мақсары – 300, картоп – 310, көкөніс – 190, бақша – 320, жаңа жоңышқа – 2906 және ескі жоңышқа 6700 гектар.
Бүгінде ауданда егін егу жұ­мыс­тары қарқынды жүр­гізілу­де. Ауыл шаруашылығы құрылым­дарында 6700 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, 2906 гектар жаңа жоңышқа, 500 гектар жаздық бидай, 325 (108%) гектар мақсары егілді. Үстіміздегі жылдың егісіне қажетті 5180 тонна күріш тұқымы, 406 тонна жаздық бидай, 43,1 тонна жоңышқа тұқымдары дайындалды. Сондай-ақ, егіске қажетті минералдық тыңайтқыштар 12714 тоннаны құрайды.
Көктемгі дала жұмыстарына қажетті арзандатылған дизель отынын жеткізіп беруші оператор «Нефть-Транс Қызылорда» ЖШС арқылы 2090 тонна дизель отыны жеткізілді. Ауданымыздың негізгі дақылы Сыр салысы болғандықтан сапалы өнім өндіру бағытында жұмыстар жалғаса береді.
Былтыр 39 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құ­рыл­ды. Оның ішінде 14 коопера­тив 20 өзіндік қосалқы шаруашы­лықтардың бірігуі арқылы құ­рыл­ған. «Ақжарма Инвест» және «Ақжарма Ынтымақ» өн­ді­рістік кооперативтері «Ауыл шаруа­шы­лығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы мүйізді ірі қара малының сүтті тұқымдарын көбейту бағы­тында 152,8 млн теңге қаржыға 1074 бас мүйізді ірі қара мал алынып, бағылуда. Сонымен қатар, «Ақжарма Инвест» кооперативі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қол­дау қоры» АҚ-нан 27 млн теңге несие алып, мал сою алаңын, ет өнім­дерін өңдеу және сүт қабылдау пунктін ашу үшін құрал-жабдықтар сатып алынуда. «Ақжарма Ынты­мақ» өндірістік кооперативі ет өнім­дерін тасымалдау үшін рефрижера­тор көлігін алуға 7 млн теңге несие алды.
Ауданда ауылшаруашылық саласы бизнестің іргетасына айналған. Осы салада бағын сынап, айналысушылар қатары мол. Өйткені нарықтың талабы осы. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан бастамалар мен ұсыныстар кәсіп игеремін деген жанды қолдауға бағытталған.
– Биыл облыста «Жаппай кәсіп­кер­­лікті қолдау жылы» деп жарияланды. Бұл ретте аудан, ауыл­дарда кәсіп­пен айналысушы­лар қатарын кө­бей­туге мән беріл­мек. Бастаманы жүзеге асыру шаралары қалай жүріп жатыр?
– Бүгінде аудан бойынша 2081 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 10,9 %-ке өсті. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік нысандар үлесі 73,6 процентті құрады. Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында 161 кәсіпкерлік субьектісі тіркелді.
2018 жылды облыста «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялануына байланыс­ты ауданда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Жол картасы» бекітілді. Сонымен қатар, әрбір кент және ауылдық округ бойынша жол картасы бекітіліп, көрсеткіштердің орындалуы қатаң бақылауға алынды. Ауылдық округтердің барлығында кәсіпкерлікке қызмет көрсету кабинеттері ашылды. Онда әрбір кәсіпкер салық есебін тапсырады және аудандық кәсіпкерлік палатасы мамандарынан «скайп» арқылы кеңестер алады. Бүгінде аудандық кәсіпкерлік палатасы арқылы «Бизнес-Кеңесші» курсын 136 азамат тәмамдаса, «Бастау-Бизнес» курсын оқуға 170 адам тізілді. Кез келген ортада кәсіпкерлікті дамытудың ең басты әрі маңызды талабы – қолайлы бизнес ахуал құру. Негізінен, бұл шағын және орта бизнес үшін аса маңызды әлеуметтік индикатор. Бүгінде аудан экономикасы тұрақты өсуде, бұл бюджетке түсетін қаржының жалпы құрылымына да әсерін тигізеді. Сондай-ақ жеке табыстың да артуы байқалады.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдар­лама­сының екінші бағыты бойынша облыстық «Ауыл шаруашылығын қол­дау қоры» АҚ-нан кепілдігі толық қамта­масыз етілген 40 млн теңгенің 12 жобасы қаржыландырылды. Жыл басынан бері 15 жаңа жұмыс орны ашылды. «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы бақылаушы кеңестің оң қорытындысын алған құны 265,5 млн теңгенің 88 жобасы қаржыландырылуда. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 1 жеке кәсіпкердің жобасы «Халық банкі» АҚ арқылы 22 млн теңгеге қаржыландырылды. «Байқоңыр» ӘКК-мен бірлескен жобалардың бірі «Шаған Агрофуд» ЖШС-нің мал сою алаңының құрылысы, ет өнімдерін өндеу цехын ашу, мың бас мүйізді ірі қара малын сатып алу жобасы бойынша жарғылық капиталын ұлғайтуға 206,1 млн теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда 57 млн теңгесі серіктестікке аударылды. Мал Қарағанды, Қостанай облыстарынан сатып алынды. Сондай-ақ, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде «Кәсіпкер» ай­дары ашылып, тұрғындар сала мамандарынан кеңес алып, кәсіп­керлермен тәжірибе алмасуда. Жалпы, кәсіпкерлік саласын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды түрде жүргізіле береді.
– Өткен жылдары облыс әкі­мінің демеуімен аудандағы бір­неше шаруашылықтың кепілде тұр­ған жерлері қайтарылды. Бұл мәсе­лелер толығымен шешіліп, тие­сілі жер тұрғындарға тиген болар?
– 2004 жылдың желтоқсан айында ауыл тұрғындарының қатысуымен «С.Сейфуллин Жер» және «А.Тоқмағанбетов Жер» ЖШС-нің жалпы жиналысының хаттамалары жасалып, аталған хаттамалар негізінде құрылтай шарттары қабылданып, ауыл азаматтары өздерінің жер үлестерін серіктестіктерге салым ретінде берген. Өз кезегінде серіктестіктер барлық жер учаскелерін «Алуан-Ас» ЖШС-не сенімді басқаруға беріп, тиісті жерлер (ауыл тұрғындарының жер үлестерімен қоса), барлық ғимараттар мен техникалар «АТФ Банк» акционерлік қоғамына кепілге қойылған. Сол себепті қандай да бір іс-әрекеттер (жер үлестерін бө­ліп алып шаруа қожалықтарын құру, басқа серіктестіктерге салым ретін­де беру) жасауға мүмкіндік болма­ған. Облыс әкімінің тікелей араласуымен өткен жылы С.Сейфуллин және А.Тоқмағанбетов ауылын­дағы үлес­кер­лердің жерлері кепіл­ден босатылып, жер құжат­тарының түпнұсқалары ие­леріне қайтарылып, бүгінгі күні олар еш кедергісіз құжаттарын ҚР Жер Кодексінің 101-бабының талаптарына сәйкес қайта рәсімдеу жұмыстарын жүргізуде.
– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ламалық мақаласы мен «Пре­зиденттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуіне орай атқарылып жатқан жұмыстар жайында айта өтсеңіз?
– Қай халықтың да ертеңге артар үміті көп болады. Ал енді біреу оны тек тілекпен күтсе, біреу оған жос­парлы еңбекпен, сенімді жүрекпен жетеді. Оның дәлелі – мерзімінен бұрын халқымызды биік белеске шығарған Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиясы. Біз үшін бұл арман мен ақиқаттың таласын, жай сөз бен нақты істің арасын айшықтаған қадам болды. Осы орайда биылғы Жолдау – біз үшін осынау ордалы ойды саралап, оның әрбір түйінін жаңалап тұрған, халық болып бірігіп, қоғам болып жұмылып атқарар ең басты құжат. Мұның өзі еселі еңбек пен тынымсыз тірліктің, ел болып жұмылған ынтымақ пен береке-бірліктің нәтижесінде келеді.
Елбасының бағдарламалық ма­қа­ласы – рухани жаңғырудың жар­қын жолы. Осы маңызды мақалада заманға сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани түлеу мәселесі жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылып отыр. Бүгінге дейін аудан тұрғындарының қатысуымен мекемелер мен кәсіп­орындарда, шаруашылық және басқа да ұйымдарда ұжымдық тал­қылаулар өткізілуде. Кездесулерде мақаладан туындайтын мін­дет­тер түсіндіріліп, бірлікті, тұрақтылықты сақтауға атсалысуға шақырып, ұлттық құн­ды­лықтарды ұлықтау насихат­талуда. Бұдан бөлек аға буын өкілдері және жастардың ұйымдастыруымен түрлі шаралар өтуде.
Елбасы мақаласынан туын­да­­­ған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ауданда «Рухани жаңғыру және діни сана» та­қы­­ры­бында республикалық ғы­­­­лы­ми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға елімізге белгілі ға­­лымдар қаты­сып, келелі ойларын ортаға салды. Мамыр айында «Қа­зақстандағы 100 жаңа есім» жобасының үміткері Н.Ап­пазовпен және жоба жеңімпазы, аудар­машы, педагог-психолог С.Әб­дірах­­мано­ва­мен жастар кездесуі өтті. «Туған жер» бағдарламасының «Туған жер­­ге тағзым» акциясы аясында сыр­дария­лық кәсіпкерлердің қол­­дауы­мен бір­қатар жобалар жүзеге асырылды. Тереңөзек кен­ті орталығындағы саябақта орна­ласқан ескі мешіт ғимара­тына жөн­деу жұмыстары жүргізіліп, аудан­дық тарихи-өлкетану му­зейінің қосымша ғимараты ретінде теңгеріміне берілді. «Құрметті азаматтар» аллеясы мен «Еңбек даңқы» музейіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы аудандық бюджеттен және демеушілер есебінен ашылды. Осы мақаладан туындайтын «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде жергілікті кәсіпкер, «Ақжарма және К» ШҚ төр­ағасы Қайрат Нұрсейітов Ақжарма ауылдық пошта бөлімшесі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына 13 млн теңге қаржы бөлді. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
Елбасы мақаласының аясын­да Қызылорда қаласында өт­кен шараларда халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағытында үнемі қаржылай қолдау білдіріп, меценаттықпен тұрақты түрде айна­лысып жүрген азаматтар «Қызылдихан» шаруа қожа­лы­ғы­ның төрағасы Алдаберген Құлбаев «Жомарт жүрек» номинациясымен және «Ақжарма-2» шаруа қожалығының төрағасы Марат Бисенов «Сыр жанашыры» номинациясымен марапатталды. Жалпы, Елбасы мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру бойынша аталған жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.
– Биыл Сырдария ауданына 90 жыл. Мерейтойға байланысты қан­дай іс-шаралар жоспарлануда?
– Айтулы мерекеге орай үсті­міздегі жылдың тамыз айының 10-11 күндері ауданда кең көлемді мә­дени-көпшілік іс-шаралар ұйым­дастырылады. Атап айтқанда, Те­рең­­өзек кентіндегі «Парасат» алаңында ауданнан шыққан мемле­кет және қоғам қайраткерлерінің, Социалистік Еңбек Ерлерінің ес­керт­кіш-бюсттері орнатылады. Мерей­­той аясында С.Сейфуллин ауы­­лын­дағы ипподромда ат жарысы өтеді. Сонымен бірге, ғылыми-та­нымдық конференция өткізу, ауданның өткені мен бүгінінен, әлеу­меттік-экономикалық даму көрсет­­кіштерінен сыр шертетін «Сырдария ІІ» кітабы шығарылу үстінде. Мерейтой аясында халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов пен жазушы Әбдіраш Жәмішовтің 90 жылдығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылады деп жоспар­лап отырмыз. Ал, мерей­той­лық іс-ша­ралардың екінші күні таны­мал ақындардың қатысуымен рес­пуб­­ликалық ақындар айтысы және бүгінде ел дамуының әр алуан саласында жемісті еңбек етіп жүрген, өмірлері өнегеге толы жер­­лес азаматтармен «Жаныңда жүр жақсы адам» атты аудан жас­­тарының кездесуі өткізіледі. Мәдени іс-шаралардан бөлек, то­ғыз­­құмалақ, шахмат, таэквандо­дан спорттық жарыс­тар да бар. Бү­гінде шараның эмблемасы бекі­тілді және мерейтойға орай мере­келік медальдар шығарылады. Осы сұхбатты пайдаланып, «Сыр бойы» оқырмандарын дамудың даң­ғыл жолына түскен Сырдария ау­данының 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларға қатысуға шақырамын.
Бүгінгі табысымыз қай шаруаға да – жұрт болып жұмылып, көп болып көтеріп жүргеніміздің арқасы. Елге адал қызмет етіп, ортақ мүддеге шын жанашырлық танытсақ, бітпейтін іс, алынбайтын асу жоқ деп ойлаймын.
– Рахмет!
Сұхбаттасқан
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,
«Сыр бойы».

31 мамыр 2018 ж. 8 095 724

Гость JeaOrer от 28 ақпан 2019 07:16
Amoxicillin Looks Like Levitra 10 Mg Bayer Precio cialis without prescription Tadapox Online In Usa

Гость JeaOrer от 16 наурыз 2019 09:27
Propecia Cheapest cialis Budget Clomid Calais Pills From Canada

wxzAdder от 18 сәуір 2019 19:49

nnuAdder от 24 сәуір 2019 08:09
casino play free casino games sun moon casino real money online gambling

rkjFrope от 24 сәуір 2019 08:48

necAdder от 28 сәуір 2019 13:03

cedAdder от 1 мамыр 2019 19:25

nhjFrope от 1 мамыр 2019 19:53

sjyAdder от 4 мамыр 2019 14:11

sjyAdder от 6 мамыр 2019 19:59
viagra pill lowest viagra price cialis vs viagra

haqFrope от 6 мамыр 2019 20:16

hecAdder от 9 мамыр 2019 14:31

fvrFrope от 9 мамыр 2019 15:01

gvbAdder от 12 мамыр 2019 14:21

byuFrope от 12 мамыр 2019 14:50

bfsAdder от 14 мамыр 2019 19:45

bbuFrope от 14 мамыр 2019 20:12

gwhAdder от 17 мамыр 2019 15:06

vnuFrope от 18 мамыр 2019 14:44

gbrAdder от 20 мамыр 2019 08:10

tvrFrope от 23 мамыр 2019 12:20

vdsAdder от 25 мамыр 2019 02:08

unjFrope от 26 мамыр 2019 01:24
online gambling casino 100 most popular free slots slot machines

losAdder от 28 мамыр 2019 15:58
casino bonus codes new no deposit casino usa slots for free

jlkjFrope от 29 мамыр 2019 15:42
hollywood casino free slots online free slots no download no registration needed doubledown casino

mmoAdder от 31 мамыр 2019 05:39
female viagra prank cheap viagra online lady viagra

vrdFrope от 1 маусым 2019 04:23