Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үкімет шетелдік инвесторлармен жаңа жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады

Үкімет шетелдік инвесторлармен жаңа жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Harmony Capital Strategy AMC, Citius Capital AG, Torkam Holding және Marsel Group компанияларының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Кaz.inform.kz.

Орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен тұрғын үй және медициналық мекемелер құрылысы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, көлік инфрақұрылымын жақсарту және т.б. салалардағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Әлихан Смайылов Үкімет елдегі іскерлік климатты жетілдіруге үлкен көңіл бөліп отырғанын және жаңа инвестициялық бастамаларға ашық екенін атап өтті.

«Біз сіздердің Қазақстанда жобаларды жүзеге асыру бойынша ниеттеріңіз бен бастамаларыңызды құптаймыз», — деді Премьер-Министр.

Өз кезегінде делегация басшысы, Harmony Capital Strategy AMC негізін қалаушы және Citius Capital AG бас директоры Каспар Вонлич жоспарланған жобалар бойынша қазірдің өзінде бірқатар дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

«Біз жұмыс кездесулерін өткіздік, бірнеше рет аймақтарға бардық және Қазақстанда инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бойынша зор әлеует бар деп санаймыз», — деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға инвесторлармен ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін көтерілген барлық мәселелерді зерделеп, пысықтауды тапсырды

Фото: Үкімет
27 қаңтар 2024 ж. 363 0