Сирия бойынша келіссөздердің келесі раунды Сочиде өтеді
Сирияаралық келіссөздердің кепіл елдері келесі раундты Ресей аумағында өткізуге шешім қабылдады.
"Әлбетте, болмайды дей алмаймыз. Қазір басқа жерде өтетін алдағы кездесулер күні белгіленді. Одан кейін келесі раундтар Астана алаңқайында өтуі де мүмкін", — деді Ашықбаев тілшілерге.
Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лавреньев мәлімдегендей, Астаналық алаңқай жабылды деуге болмайды.
"Сочиде жоспарлы кездесу өткізу Астанада енді келіссөздер болмайды деген сөз емес. Біз тек келесі кезеңді белгіледік – Сочиде өтеді", — деді Лавреньев, деп жазады РИА Новости.
Астанада 14-15 мамырда Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздердің тоғызыншы раунды болды.
https://sputniknews.kz/