Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұрат Теміржанов халықаралық ұйымның төрағасы болып сайланды

Мұрат Теміржанов халықаралық ұйымның төрағасы болып сайланды

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің басшысы Мұрат Теміржанов БҰҰ ФАО субөңірлік Еуразиялық топырақ серіктестігінің (EASP) төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ташкентте өтіп жатқан ұйымның 6-шы пленарлық отырысына қатысушылар оның кандидатурасын қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Айта кетейік, EАSP Еуразиялық кеңістіктің 12 елінің өкілдерін біріктіреді, олар Қазақстан, Түркия, Ресей, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Молдова, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан.

Ұйымның негізгі міндеті жер ресурстары, оның ішінде топырақты ұтымды пайдалану және оларды
ң деградациясына қарсы күрес саласындағы өңірдің ерекше мәселелерін шешу болып табылады.
26 мамыр 2023 ж. 213 0