Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Таиланд парламентарийлерімен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Таиланд парламентарийлерімен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Ғылым, технологиялар, зерттеулер және инновациялар комитетінің төрағасы Акарават Асвахем бастаған Таиландтың өкілдер палатасының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, екі елдің халықаралық ұйымдар, оның ішінде БҰҰ мен АӨСШК шеңберіндегі өзара іс-қимылын, сондай-ақ дінаралық диалог мәселелерін талқылады. Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастарға серпін беру үшін екі ел арасындағы түрлі деңгейдегі байланыстарды одан әрі қолдауға келісті.



19 мамыр 2022 ж. 735 0