Енді қарапайым зейнеткер: Парламент "Елбасы статусы" туралы заң жобасының күшін жойды
Парламент палаталарының бірлескен отырысына «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы статусы» жөніндегі Конституциялық заңның күшін жою жөніндегі заң жобасы екі оқылымда да мақұлданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Қазақстанның демократия мен плюрализмге бет алып, терең саяси трансформация жасау кезеңінде, жеке топтардың билікті меншіктеуге жетелейтін қандай да бір тетіктерге жол бермеу маңызды.Сондықтан Қазақстан Республикасы Мәжілісінің бір топ депутаттары халықтың басым көпшілігінің сұранысын ескере отырып, аталған заң жобасын ұсынды», - деді депутат Ерлан Саиров отырыста.
Осылайша, «Жаңа Қазақстан» депутаттың тобы аталған мәселеге қатысты Конституциялық Сотқа жүгінген. Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті-Елбасы статусы» жөніндегі заңының еліміздің жаңа Ата-Заңына сәйкес келмейтіндігі жөнінде шешім шығарған.
«Қазақстанның қоғамдық процесінде саяси институттарға монополия құру әрекеттері, өмір көрсеткендей, елде саяси құндылықтарды девальвациялап, мемлекет дамуына кері әсер тигізуге қабілетті. Сондықтан, мұндай олқылықтарға болашақта қоғамдық - саяси иммунитет қалыптастыру өте маңызды! Жоғарыда айтылғанды басшылыққа алып, саяси - құқықтық негіз жоқ екендігін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы статусы» жөніндегі Конституциялық заңның күшін жою жөніндегі Конституциялық заң жобасы ұсынылады», - деді ол.
Депутаттар талқылаудан кейін заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.