Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

Нұрлан Құрмалаев Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрлан Саиынұлы Құрмалаев Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Нұрлан Құрмалаев 1988 жылы Алматы қаласында туған.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Оксфорд Брукс университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2010 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған.

Әр жылдары коммерциялық компанияларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2017 жылдары – «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі.

2018-2019 жылдары – «Самұрық Қазына» КУ ЖМ цифрландыру жөніндегі менеджері.

2019-2021 жылдары – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2021 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
29 желтоқсан 2022 ж. 439 0