Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Иран Шархан Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Иран Шархан 1987 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы маркетинг бойынша маман болып бастаған.
2009-2013 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Заң қызметі және Мемлекеттік сатып алу департаменті сарапшысының м.а., әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті мемлекеттік сатып алу басқармасының сарапшысы, заң қызметі және Мемлекеттік сатып алу департаментінің бас сарапшысы болды.
2013-2014 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2014-2015 жылдары Инвестициялар және даму министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаменті директорының орынбасары болды.
2015-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2016-2019 жылдары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры болды.
2019 жылы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.
2020-2021 жылдары Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ТПИ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры қызметін атқарды.