Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңдағы өзгерістер халық игілігі үшін жасалған қадамдар – саясаттанушы

Заңдағы өзгерістер халық игілігі үшін жасалған қадамдар – саясаттанушы

Мемлекет басшысының бекіткен заңдары елдің саяси бағытына мүмкіндік береді. Бұл пікірді саясаттанушы Мақсат Жақау айтты, деп хабарлайды, BAQ.KZ.


Жыл басынан бастап Қаңтар оқиғасынан кейін ішкі саяси өмірімізді қайта қарау, мемлекеттің құрылымдық деңгейдегі өзгерістердің бастамасы ретінде көптеген сарапшы мен саясаттанушы қайта ойлана, толғана келе мемлекеттің дамуы бағытында саяси көзқарастарды өзгерту қажеттігі туралы шешім қабылдады. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздағы Жолдауында айтып өткен еді. Кейін заңдағы ұсыныстар жазда мемлекет пен халық тарапынан рефенрендум арқылы қабылданды. Ол бұған дейін заңдағы өзгерістер қоғам арасындағы біраз талқыға түсті, – деді Мақсат Жақау.

Сарапшының айтуынша, мемлекеттің демократиялық жаңа қадамда түрленіп өзгеруі үшін азаматтық құқықтық, әкімшіліктік-жауапкершілік және жергілікті өзін-өзі басқару деңгейлерінде жүйелі өзгерістер қажет.

Осы күзде заңымыздағы өзгерістерге қол қойылып бекітілуі керек болды. Елдің даму бағытында өзгерістерге сәйкес, біршама құзыреттіліктер анықталып, бірақатар демократиялық принциптер нақтылана келе, жергілікті жерлерде өзін өзі басқару идеяларының арқасында әкімдер сайлана алатын болды және жергілікті өңірлердің бюджеті өзін өзі басқара алатын мүмкіндік алды. Бұл мемлекеттік басқару жүйесіндегі демократияландыруға ұмтылысымыз. Сондай-ақ мажоритарлық жүйенің арқасында облыстық, аудандық мәслихаттардағы белсенді азаматтар жергілікті өңірдегі мәселені шешу үшін сайланып, ұсыныс жасай алады, – деді саясаттанушы.
06 қараша 2022 ж. 288 0