Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Заң жобасы талқылануда

Жаңа Заң жобасы талқылануда

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет, Біртұтас ұлт, Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекеттік сатып алу» туралы жаңа заң қабылдауды, мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бырыңғай платформаға көшіруді тапсырды. Осыған сәйкес, «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылып, қазіргі таңда тиісті талқылаулар жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Талғат Исмағұлов мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей тапсырмасы бойынша уақытында жарияланбаған сатып алуларға апта сайын мониторингтік жұмыстар жүргізіліп келеді.

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың басты принциптерінің бірі – сатып алуға бөлінген қаржының тиімді әрі сапалы жұмсалуы болып табылады. Соған сәйкес, аймақ басшысының тікелей тапсырмасының негізінде мерзімінде жарияланбаған сатып алуларға апта сайын мониторинг жүргізіліп келеді. Жалпы жыл басынан бері облыста мемлекеттік сатып алу бойынша 2897 конкурс жоспарланып, оның 2792-і жарияланды», - деді басқарма басшысы Талғат Исмағұлов.
21 қазан 2022 ж. 400 0