Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аkorda.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан қырғыз-тәжік шекарасында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген жауынгер мен бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтты.

« Берік достық және тату көршілік қатынастарды сақтау – біздің ортақ әрі маңызды міндетіміз, сондай-ақ өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, бейбіт өмір құру жолындағы Орталық Азиядағы барша бауырлас халықтың түбегейлі мүддесі. Қазақстан кез келген даулы мәселені тек қана бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті қырғыз халқына мықты рух, бейбітшілік және бақ-береке тіледі.
19 қыркүйек 2022 ж. 668 0