Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Болат Ақшолақов Энергетика министрі қызметіне тағайындалды

Болат Ақшолақов Энергетика министрі қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Энергетика министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша - экономист.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. 1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды.

1997-2003 жылдары «Қазақойл» ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры болып еңбек етті.

2003-2006 жылдар аралығында - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды. 2008-2011 жылдары - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, PSA ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болды. 2012-2014 жылдары - ҚР Мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап - AlmexPetrochemical ЖШС бас директоры. 2016 жылдың ақпан айынан бастап - «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
11 қаңтар 2022 ж. 514 0