Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы облысының әкімі тағайындалды

Алматы облысының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын», - делінген ҚР Президентінің Жарлығы мәтінінде.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы «Эдем ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экономист болып бастаған. 1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

1997 жылы «Алмаз және Компания» компаниясының экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің өңірлік саясат бөлімінің басшысы.

1997-1998 жылдары «Мұнай тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.

08.1998-03.2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мұнай және газ департаментінің басшысы.

03.2000-12.2000 аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

01.2001-05.2001 аралығында «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.

05.2001-08.2007 жылдар аралығында «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.

27.08.2007-14.10.2008 жылдар аралығында «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.

10.2008-11.2009 жылдар аралығында «KEGOC» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.

30.11.2009-12.2013 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі.

12.2013-25.03.2016 жылдар аралығында Павлодар облысының әкімі.

25.03.2016-18.02.2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

2019 жылдың 18 желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.
24 қараша 2021 ж. 605 0