Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата Заң – айбарымыз

Ата Заң – айбарымыз

Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл. Тәуелсіз елдің негізгі атрибуттарының бірі – Ата Заңға 26 жыл. Талай «тар жол, тайғақ кешулерден» өтсе де қазақ елі ғасырлар бойы шапқыншылық, түрлі оқиғалар мен өзгерістерді бастан кешіре жүріп, ата бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды. ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.
«Құқық бар да, Отан бар», «Заңды білу – заман та­лабы» деп бекер айтылмаған. Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін 1993 жылы 4 бө­лім, 21 тараудан тұратын Конституция қолданысқа енгізілді. Одан соң 1995 жылы 30 тамызда еліміздің қа­зір­гі қолданыстағы басты құжаты – Конституция қабыл­данды.
Ұлтымыздың сан ғасырлық тарихында Қасым хан­ның «Қасқа жолынан» бастау алған бүгінгі Конс­титуциямыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елі­мізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат.
Конституцияда республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi ретінде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мем­лекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демо­кра­тиялық әдiстермен, оның iшiнде респуб­ликалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу белгіленді. Ата Заңымызда елімізде өмір сүріп жатқан халықтың ортақ құндылықтары дәл көрсетілген. Конституциямен ешкiмдi жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына және басқа да жағдаяттар бойынша кемсiтуге ты­йым салынған. Мұнымен бейбітшілік пен тұрақтылық, барлық халықтың игілігіне экономикалық даму се­кіл­ді басты конституциялық қағидаттар қамтамасыз етіледі.
Конституцияның негізінде заманауи мем­­ле­кеттік механизм және құқықтық жү­йе құрыл­ды, тиімді экономиканың ірге­тасы қаланды, адамның құ­қықтары мен бостан­дықтары қамтамасыз етіледі. Ең бастысы, біздің басты игілігіміз – бейбітшілік пен татулық мызғымайды. Жалпы, әділ заң салтанат құрған мемлекеттің болашағы қашанда жар­қын болатыны шындық. Еліміздің Конституциясы азаматтардың сот төрелігіне еркін қол жеткізуін белгілеп, әрбір азамат өзінің құқықтары мен бос­тандықтарын сот арқылы қорғауына кепілдік береді. Және де Ата Заңымыздың VII бөлімінде сот­тар мен сот төрелігі жайлы айтылған. Конс­ти­туция бойынша, егемен елімізде сот жүйесі мем­лекеттік биліктің бір тармағы болып танылады. Осының өзі соттың ерекше маңыздылығын нақты айшықтайды. Қазақстанда сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеліп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi. Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
Осы жылдар ішінде сот жүйесінде ашықтық пен жариялылық алдыңғы қатарға шықты. Іс құжаттары, талап арыздар мен өтініштер «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы қабылданады. Атқару па­рақтары, құжат айналымдары 100 пайыз электронды нұсқада дайындалады. Соттардағы құжат айналымдары «Төрелік» ақпараттық жүйесі, ал мемлекеттік органмен «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» арқылы жүр­гізіледі.
Карантиндік шектеу кезінде де соттар жұ­мыстарын тоқтатпады. Сот отырыстары «Whats­App», «TrueConf» және «Zoom» мобильді қосым­ша­ларының көмегімен өткі­зілу­де. Сондай-ақ азаматтар сауалдарын соттардың «WhatsApp», «Телеграмм бот» арналарына қоя алады. Мұның барлығы егемен ел екенімізді паш еткен, тәуелсіздігімізді тұғырлы еткен Ата Заңымыздың арқасы деп білемін.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітіл­ген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеп отыр. Қазақстан ха­лықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілді. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де ма­ңыз­дылығын терең сезінді.
Бүгінгі таңда Конституцияны бұлжытпай орындау, оның қағидаларының жүзеге асырылуын қамта­масыз ету, толық және ұтымды пайдалану ортақ міндетіміз болып табылады.
Бұл мереке Қазақстан Республикасының игілігі үшін жасалатын барлық бастамаларымыз бен жаңа­шыл­дықтарымызға сенімділік береді.

Роза СҮЛЕЙМЕНОВА,
аудандық соттың кеңсе меңгерушісі
01 қыркүйек 2021 ж. 308 0