Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылорда қаласының әкімі тағайындалды

Қызылорда қаласының әкімі тағайындалды

Бүгін Қызылорда қаласы әкімдігінде өткен жиында қала әкімі лауазымына Ғанибек Қазантаев тағайындалды, – деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі.

Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы 1960 жылы дүниеге келген.
Ұзақ жылдар аймақтың мұнай саласында еңбек еткен.

2013 жылдан 2019 жылдың тамыз айына дейін Сырдария ауданының әкімі қызметін атқарды.
Ғ.Қазантаев 2000 жылы облыс әкімінің, 2002 жылы облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика және Минералдық Ресурстар Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан мұнайына 100 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік төсбелгілсінің және «Құрмет» орденінің иегері.
08 сәуір 2021 ж. 732 0