Мемлекет басшысы Абай мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін бірқатар тұлғаны наградтады
Президенттің Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулысын akorda.kz жариялады.ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін наградталсын:
II дәрежелі «Достық» орденімен  | ||
Америко Эдельсио  | –  | Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы  | 
Ганем Халед Ас-Саид  | –  | Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы  | 
Кибар Зафер  | –  | жазушы, Түркия Республикасы  | 
Кошут Леонард  | –  | әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы  | 
Манн Джейн  | –  | Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі  | 
Мәжит Ақбар  | –  | жазушы, Қытай Халық Республикасы  | 
Пряхин Георгий      Владимирович  | –  | Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті, Ресей Федерациясы  | 
Пуиг Мария Санчес  | –  | Мадридтегі «Комплутенсе» университетінің профессоры, Испания Корольдігі  | 
Хачатрян Шушан  | –  | Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы  | 
Хуанчжан Ха  | –  | аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы  | 
Шатқам Қажымұхамет  | –  | жазушы, Иран Ислам Республикасы.  | 
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  
                Президенті                                                                                                                        Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 тамыз
                           № 379
		









