Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қателікпен өзгенің баласын өмірге әкелген ана егіздерді өз ата-анасына қайтарды

Қателікпен өзгенің баласын өмірге әкелген ана егіздерді өз ата-анасына қайтарды

Американың Нью-Йорк штаты Куинс ауданында ерлі-зайыпты медициналық қателіктің салдарынан бейтаныс жұптың биологиялық материалынан егіз балалы болды.
Құжатта Ю.З. және А.П. деп аталған ерлі-зайыпты ұзақ уақыт балалы болуға тырысады. Өткен жылдың қаңтарында олар Джошуа Бергер мен Сайон Хонг клиникасына CHA Fertility Center ұрықтандыру саласында жақсы беделге ие құнарлылық орталығына барды.

Бір айдың ішінде ерлі-зайыптылар қажетті процедуралардан өтті, дәрі-дәрмектерді қабылдады және соңында транспланттауға сегіз эмбрион алды. Олар дәрігерлі кеңес, дәрі-дәрмектер және клиника орналасқан Лос-Анжелеске бару үшін 100 мың доллар жұмсады. Сол жылдың шілде айында эмбрион салынғанымен, нәтиже болмады.

Бір айдан кейін дәрігерлер трансплантациялау үшін екі қыз жынысты эмбрионын пайдаланды, ал қыркүйекте әйел жүкті болды. Кейінірек ультрадыбыспен екі ұл бал екенін көрсетті. Ерлі-зайыпты дәрігер кеңесіне жүгінді. Бергер және Хонг ультрадыбыстық зерттеу нәтижелерін қарап құрылғы мен сарапшылардың қателесуі мүмкін деп қорытындылады.

2019 жылдың 31 наурызында А.П. кесар тілігі арқылы екі баланы өмірге әкелді. Екі бала да азиялық нәсілді ата-аналарына ұқсамады. Кейінгі сынақтарда балалардың туған емес екені расталды. Сонымен қатар, екеуі де генетикалық байланыссыз болды.

Ю.З. және А.П. балаларды өздерінің биологиялық ата-аналарына беруге мәжбүр болды. Ерлі-зайыптылар клиникаға наразылық білдірді. Олар ұзақ уақыт бойы туыстарымен және достарымен болған жағдайды бөлісе алмайтындығы туралы мәлімдеді. Себебі оларға психологиялық жарақаттар салғысы келмейді.
10 шілде 2019 ж. 692 0