Атырауда әйел мен 6 жасар бала лифтінің кесірінен зардап шекті
Атырауда 6 жасар бала мен 24 әйел лифтімен үшінші қабаттан бірінші қабатқа түсіп бара жатқан кезде көтергіші бірден тоқтап қалып, салдарынан екеуі ауруханаға түсті.
Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
ТЖД мәліметінше, төтенше жағдайға лифтіде рұқсат етілген салмақтың артуы себеп болған.
Дәрігерлер зардап шеккендерге көмек көрсетіп, үйіне жіберді.
Оқиға Атыраудағы Алмагүл ықшам ауданындағы №23 үйде орын алған. Дәл осы жерде 5 жыл бұрын 24 жастағы қыз қайтыс болған еді. 2013 жылы подъездердің біріндегі лифт жетінші және сегінзінші қабаттың арасында тұрып қалып, қыздың өліміне себеп болды.
Пікір 2