Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс татуласумен аяқталды

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс татуласумен аяқталды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат Б. алкогольдік масаң күйде қарындасы Б.-ға былапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сот отырысында құқық бұзушы Б. өз әрекетін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап татуласқанын көрсетті.

Жәбірленуші ағасына кешірім беретінін көрсетіп, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Сырдария аудандық сотының қаулысымен тараптардың татуласуына байланысты Б. әкімшілік жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен тоқтатылды.

Сырдария аудандық соты
Фото: Нұрболат Нұржаубай    
14 тамыз 2026 ж. 633 0