Көлікті масаң күйде басқарғаны үшін бас бостандығынан айырылды
Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен азамат Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.Сотталушы Е. бұған дейін мас күйде көлік тізгіндегені үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның мастық деңгейі алкогольдік масаң күйінің орта дәрежесі екені анықталған. Сотталушының бұл қылмыстық әрекеті, іс құжаттармен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен сотталушы Е. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне еңбеген.
Сырдария аудандық соты
Фото: Н. Нұржаубай








