Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Бойжеткенге сыйлық

Бойжеткенге сыйлық

Қыз қылығымен жарасымды. Әрқашан ибалы қалпынан айнымаған күйде барша әлемге әсемдік сыйлайды. Бұрымы беліне түскен Қаракөз ауыл тіршілігіне үйреніскен. Мәдениет үйіндегі мерекелік іс-шараға қызу дайындық жүріп жатыр. Барлығы әлемді тербеткен аналардың құрметіне арналмақ. Күйбең тірліктің жайымен жүріп, сүйген серісі бұл жақа келетінін ұмытып кеткен. Кештетіп үйіне қарай аяңдағанда Өміртайдың көлігі қыз жанына тоқтады. Алғашқыда жарықтан көзі шағылысып, жігітті танымаған еді. Бір кезде терезенің ар жағынан қоңырқай дауыс естіліп, бойжеткеннің жүзі жадырап сала берді.

– Қайдан жылт етіп шыға келдіңіз? – Сапарыңыз әзір емес еді… Әлде… Мен шатастым ба?!..
– Сенікі дұрыс, күн санап жүрген өзіңдей Бибі шатасатын ба еді. Ертерек келіп қайтуды жөн санадым.
– Әйтсе де, жолыңыз түскені жақсы болды. Мереке қарекетімен шаршап та тұрмын. Ертерек барып, демалсам деймін.

Жолдан қажыған боларсыз, сіз де тынығыңыз.

– Менің жанымды дәл сендей ұғатын пенде жоқ шығар. Жолдан шаршағаным да рас. Бірақ сенің демалғаның маңыз­дырақ. Сенің дегенің болсын. Жүр үйіңе дейін жақындатып салайын.
– Айтпақшы, маған уәде бергенсіз, ұмытпаған боларсыз?!
– Әрине, есімде. Тосын сыйды айтып қойсам қызығы қалмас. Одан да межелеген уақытты күткейсің?! Осылайша екеуі қимастықпен қоштасты. Арадағы кіршіксіз сезім былтыр көктемде пайда болған. 20-дан енді асқан еліктей сұлуды жолықтырғанда Өміртай ауылына кезекті еңбек демалысына келген болатын. Сондағы айтқан қыз бұйымтайы ерекше. «Жұрт секілді жылтыраған ба­ғалы заттарға қызықпаймын. Өзі­ңіз­ден бойтұмар болатын құнды дүние сыйласаңыз жеткілікті» деген еді. Бұл бұйымтай ағаш ұстасы үшін жұмбақ күйінде қалды. Кейіннен қыз қалаған нәрсе киелі домбыра екенін ұғынды.

Тынымсыз еңбек адамды жігер­лен­діре түседі. Қала орталығында құтты ұяға айналған шағын ағаш шеберханасы бар. Азаннан кешке дейін қашауы қолынан түспейді. Сапалы бұйымдар халық көңілінен шыққандықтан тапсырыс көптеп түседі. Арасында ас-ауқатын даярлап, Қаракөз жанынан табылады. Түн ұзақ бойы ыңылдап әсем әуендерді орындайды. Жұмыстан көңілі құлазыған Өміртай үшін ғашығының әсем дауысы күш берердей. Жігіт ағасы қамқорлық танытар құрбысын еркелетіп, Бибі деп атайды. Қыз ойынан шығар бұйымтайды орындайын десе, Қаракөз үнемі жанында. Шебер құрбысы ауылға кеткенін пайдаланып, бар өнерін салып домбыраны бір-екі күнде жасап шығарды.

Кешқұрым уақыт… Ауылдағы барлық жастың кездесер орнына айналған терек ағашының саясында Өміртай жалғыз өзі сүйгенін күтіп тұр. Қаракөз мәдениет үйінің ауқымды іс-шарасына қатысу үшін дайындық болатындықтан кешігіп келетінін ескерткен. Қолындағы қазақы домбыра ай сәулесімен жарқырай түседі. Желбір шашақты үкісі де жарасымды. Көп ұзамай қылықты сұлу жарқырап келе қалды. Әдеміліктің бүкіл символын жиып алып, айналасына шуағын төгеді. Өміртай көп тосылмастан қолындағы сыйлығын табыс етті. Қыз көңілінің риза болғандығы тек көздерінен ғана байқалды. Алғысы ретінде сол баяғы өздері орындайтын сырлы әуенді шырқай жөнелді. Ертеңгі мерекелік концертке шақыра келгендігін жеткізіп, Қаракөз үйіне қайтты.

Мәдениет үйінде аналарға арналған мерекелік кеш өтуде. Сахна төрінде зор дауысты әнші қыз еркін тыныстап, ән құдіретіне ерік береді. Жігіт сыйлаған бойтұмар домбыра бойжеткеннің құнды серігіне айналғандай. Ауқымды іс-шара өз мәресіне жетті. Қос ғашықтың мұндағы сапарлары сәтті аяқталып, қалаға қарай жол тартты. Міне, осы ретте жұптары жазылмаған екі жастың татулығы берік болып, өмір бойына бақытты жандар атанатынына сенеміз.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
Фото: Ашық дереккөзден

05 шілде 2025 ж. 302 0