Асыл тастардың құпиясы неде?
Асыл тастардың қасиеті көне заманнан бері белгілі. Яғни адамдар асыл тастарды емдік қасиеті үшін қастерлеп, қадірлеген. Бүгінгі заманда асыл тасты әшекей ретінде, сән үшін тағады. Негізінен асыл тастарды зерттеуші мамандар адамның ағзасын қандай да бір дерттен айықтыратын қабілеті бар екенін дәлелдеген. Ең алғаш рет асыл тастармен емдеу Үндістанда басталған. Яғни сыртқы тылсым күштің әсерінен адамның денесі өзгеріске ұшырайды. Сондықтан жағымсыз энергияны қайтару үшін асыл тасты қолданған. Ол теріс энергияны қайтарып қана қоймай, адамның күш қуатын қалыпқа келтіреді деп сенген.
Асыл тастардың қасиетін ежелгі оқымыстылар Ибн Сина, әл-Фараби, Ж.Баласағұн, медицина атасы Гиппократ зерттеген. Олар асыл тастардың адамға әсерін сегіз қырға бөліп қараған. Онда ең бірінші адамның жасы, жынысы, материалдық жағдайы, психологиясы т.б. ерекшеліктері ескерілген. Ғұламалар ең бастысы асыл тастар адамның күш-қуатын толықтырып қана қоймай, оны тіл-көзден қорғайтынына көздерін жеткізген. Ең бастысы асыл тастар ауа, күн, су, жалпы сыртқы қоршаған ортамен байланысып, адамның жай-күйін реттеп, жақсаруына әсер етеді деген.
Асыл тастардың қасиетін ежелгі оқымыстылар Ибн Сина, әл-Фараби, Ж.Баласағұн, медицина атасы Гиппократ зерттеген. Олар асыл тастардың адамға әсерін сегіз қырға бөліп қараған. Онда ең бірінші адамның жасы, жынысы, материалдық жағдайы, психологиясы т.б. ерекшеліктері ескерілген. Ғұламалар ең бастысы асыл тастар адамның күш-қуатын толықтырып қана қоймай, оны тіл-көзден қорғайтынына көздерін жеткізген. Ең бастысы асыл тастар ауа, күн, су, жалпы сыртқы қоршаған ортамен байланысып, адамның жай-күйін реттеп, жақсаруына әсер етеді деген.
Асыл тастардың түсі әртүрлі болады. Мәселен түссіз түрі, жасыл-көк, күлгін, сары, қызыл, алтын, қара түстес сияқты асыл тастардың да әртүрлі өзіндік сыры бар. Кейбір отбасыларда ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, мұра ретінде сақталатын асыл тастар болады. Олардың адамға әсері мен күші де өте жоғары екен. Ондай асыл тас өз иесін қандай да қауіптен, төтенше жағдайдан, жамандықтан қорғап қалатынына сенген.
Асыл тасты сатушылар оны сатып алушыларға ұсынар алдында адамның туған жылына және жұлдызына байланысты таңдауға кеңес береді. Соған орай Күн, Ай, Шолпан, Жұлдыз, Марс, Юпитер, Сатурн, Нептун тасы ұсынылады. Ондай тастар энергия алмасуына әсер етуінің ықтималдығы мол деп білген. Егер сіздің жеті күн бойы әртүрлі түрінен асыл тастар тағуға жағдайыңыз жетсе, онда сіздің күн сайын күш-қуатыңыз артып, сырттан келетін теріс әсерден қорғануға толық мүмкіндігіңіз бар. Асыл тастардың ең негізгі қасиеті олардың түрлі дерттен айығуға көмектесетінінде. Атап айтқанда, інжу, маржан, күкірт тас – аллергияға қарсы, гауһар, маржан, жасылтас – демікпеге, алмаз, інжу, маржан тас – бас ауруына қарсы қолдануға болатыны айтылған. Негізінен барлық асыл тастардың емдік қасиеті толық зерттеліп бітпеген, олардың құпиясы толық ашылмаған.
Асыл тастардың киесі туралы әлемде неше түрлі аңыз әңгімелер көп. Мысалы, шын мәнінде киелі тасты ұрлаған адам көп ұзамай мертігетін болған. Осындай аңыздардың бірі Үндістанның храмынан ұрланған гауһар тас. Гауһарды қолды еткен адамды көп ұзамай көшеде ит талап өлтірген. Кейін оны сатып алған француз королі мен оның ұрпақтары автомобиль апатынан қаза тапқан. Одан кейінгі де гауһарды иеленген адамдар да түрлі жағдайда қаза тапса, байлар ақырында кедейлікке ұшыраған. Асыл тас жүрген жерінде адамдар көп ұзамай көз жұматын болған. Гауһар тастың киелі әрі қасірет әкелуші екеніне ғасырлар өте көз жеткендіктен, оны өз иесі Үндістандағы храмға қайтару арқылы адамдарға келетін жамандықты тоқтатуға болады деген аңыз бар. Бірақ барлық асыл тастарды мұндай жамандық әкелуші деп айтуға болмайды. Дегенмен оның күшін арттыру үшін асыл тасты таза етіп, күтіп ұстау қажет.
Бұрынғының адамдары, ата-бабаларымыз асыл тастардың ішінде алтынды жоғары бағалаған. Себебі алтын адам өмірін ұзартады, егде тартқан кісілердің бойына қуат беріп, қауіпті дерттен қорғап, уланудан емдейді екен. Әжелеріміз қолына күміс тағып, оның тазалыққа күшті әсері барын білген. Сондай-ақ іріңді жараларды емдейтініне көздері жеткен. Мыстан жасалған ыдыс-аяқтарды қолданып, оның да адам ағзасына оң әсерін бағалаған. Байлар жас әйелдерге бойтұмар ретінде алмаздан жасалған асыл тасты таққан. Сонымен қатар қан айналымын жақсартып, қанды тазалайтын – александрит тасы, ұмытшақтық пен ұйқысыздықты қалыпқа келтіретін – топаз, қуаныш сыйлайтын – изумруд, жамандықтан қорғайтын – жақұт, тыныштандыратын – гауһар, жаман ойдан арылтатын – аметист, тіл-көзден сақтайтын – агат қара тасы, бүйректі емдейтін – айтас т.б. асыл тастардың шипалық қасиетін білген жөн.
Тоқсан ауыз сөздің түйіні – денсаулықты түрлі дәрімен емдеуден басқа түрі де болады. Оған осы мақалада айтылған асыл тастардың емдік қасиеті дәлел. Бойыңызды дерттен аулақ ұстаудың да өзге тәсілдері бар екенін біліп, табиғаттың өзі емші екенін білгеніңіз жөн.
Дайындаған
Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ