Жеке қабылдау өтті
Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар өздерінің толғандырып жүрген тұрғын үй кезегіне тұру, жұмыссыздық мәселелері бойынша жеке өтініш-тілектерін жеткізді.
Аудан басшысы тұрғын үй заңдылық негізінде тек кезектілікпен берілетінін, жұмысқа тұрудың да өзіндік тәртібі бар екенін түсіндіріп, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.