Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылордада мұз опырылып, екі бала суға батып кете жаздады

Қызылордада мұз опырылып, екі бала суға батып кете жаздады

Қызылордада екі жасөспірім – қыз бен жігіт мұзға құлап, қауіпке тап болды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.   

Абырой болғанда Сырдария өзенін патрульдеу кезінде полицейлер мұзға құлап кеткен 15 жасар қыз бен 14 жастағы жігітті байқапты. 

Мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері Әділхан Молдағалиұлы мен Алтынбек Мейрамбекұлы дереу оларға араша түсіп, жеткіншектерді суық судан алып шыққан.

Полицейлер жедел жәрдем шақырып, кейін балаларды ата-анасына тапсырды. Анықталғандай, жасөспірімдер ойнап жүріп, мұзға шығып, оның соңы шытырманға ұласқан. 

Фото: ашық дереккөзден
22 қаңтар 2024 ж. 271 0