Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылордада бір тәулікте қауіпсіздік белдігін тақпаған 21 жүргізуші жауапқа тартылды

Қызылордада бір тәулікте қауіпсіздік белдігін тақпаған 21 жүргізуші жауапқа тартылды

Жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі – қауіпсіздік белдігін тақпау болып табылады. Қауіпсіздік белдігін тақпау жол қозғалысында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығы камераларының көмегімен патрульдік полиция батальоны қызметкерлері тәулік ішінде жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 21 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырды.

Нәтижесінде оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамаған жүргізушілер бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы ескертілді.
07 қаңтар 2024 ж. 258 0