Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Су айдындарында 3 адам құтқарылды

Су айдындарында 3 адам құтқарылды

Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаларды болдырмау, қауіпсіздікті сақтау бойынша жыл басынан бері құзырлы мекемелер 2307 рейдтік- профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Осы іс-шараларда барлығы 93143 дана жадынама таратылды. Облыс бойынша 576 қызметкер, 268 ерікті профилактикалық жұмыстарға жұмылдырылып, 93143 тұрғынға (оның ішінде 15842 жасөспірімге) қауіпсіздік жайлы түсіндірілді.

Облыс аумағындағы су айдындарында 3 адам құтқарылған. Айта кетейік, өткен жылы 11 адам құтқарылса, оның 1-і бала.

Қаладағы адам көп шоғырланған орындарда ("Арай сити молл" ойын-сауық орталығында, жаңа базарда, ескі базарда, теміржол және автовокзалдарда) дауыс зорайтқыш арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дүкендерге балық аулаушыларға арналған жадынамалар ілінді.

Тұрғындардың сақтық шаралары туралы сауатын арттыру үшін әлеуметтік желідегі парақшаларда 142 мақала мен 190 бейнеролик жарияланды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: ашық дереккөзден
16 қараша 2023 ж. 219 0