Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Синтетикалық есірткімен ұсталған қызылордалық 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Синтетикалық есірткімен ұсталған қызылордалық 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Қызылордада 28 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша тыңдау аяқталды. Полицияның мәліметінше, ер адамнан өте үлкен мөлшерде  синтетикалық есірткі табылған, деп хабарлайды Кyzylorda-news.kz.

Сотталушының айтуынша, 2023 жылдың мамырында көпқабатты үйлердің жанындағы ағаштардың арасынан өтіп бара жатып, 1 дана қызыл жабысқақ таспаға оралған ұнтақ зат салынған пакетті тауып алған. Одан кейін ол сондай пакеттерді тағыда тапқысы келгендіктен, іздеуді жалғастырып, жақын жерді қазу арқылы тағыда 3 дана қызыл жабысқақ таспаға оралған ұнтақ заттарды қосымша тауып, заңсыз иемденген. Табылған синтетикалық есірткі заттардың жалпы салмағы 2,14 грамм құраған. 
Полиция қызметкерлері күдікті адамды ұстады. Қызылорда қаласының №2 соты сотталушы өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз сатып алғаны, сақтағаны, яғни Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыс жасағанындығы жайлы мемлекеттік айыптаушының ұстанымымен келісіп, оны  3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, орташа қауіпсіздік деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді тағайындады.
19 қазан 2023 ж. 309 0