Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордада иттердің көмегімен 46 қылмыс ашылды

Қызылордада иттердің көмегімен 46 қылмыс ашылды

Биылғы жылдың 1 маусым-30 қазан аралығында республика көлемінде өтіп жатқан «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша облыс орталығына және басқа облыстармен шекаралас Арал және Жаңақорған аудандарына бекеттер қойылып, екі ауысыммен есірткі затын анықтау мақсатында жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
     
Аталған бекеттерде кинолог мамандар өздеріне бекітілген қызметтік іздестіру иттерімен бірлесіп, есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында қызмет атқаруда.  

Бүгінгі күні бекеттерде қызметтік іздестіру иттерін қолдану арқылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты 22 қылмыс анықталып, айналымнан 26 келі 458,34 грамм  «марихуана» тәркіленді.  

09.09.2023 жылы «Шымкент-Самара» тасжолының бойындағы Арал бекетінде Атырау облысы тұрғынының басқаруындағы «Тойота-Ипсун» автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында көлік ішіндегі жолаушыларға тиесілі сөмкеден сараптама қортындысына сәйкес салмағы 25 келі 187,41 грамм «кептірілмеген марихуана» алынған.

Сонымен қатар, 27 қыркүйекте «Қызылорда-Түркістан» тасжолының бойындағы Белкөл бекетінде Қызылорда қаласы тұрғынының басқаруындағы «Шевролет кобальт» автокөлігі тоқтатылып, қызметтік іздестіру итін қолданып тексеру барысында сөмкеден сараптама қортындысына сәйкес салмағы 1033,45 грамм болатын есірткі заты «кептірілген марихуана» табылды.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері  жүргізілуде.

Жалпы жыл басынан бері қызметтік іздестіру иттерін қолдану арқылы 46 қылмыс ашылды. Олар негізінен ұрлық және есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар.
05 қазан 2023 ж. 196 0