Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордада скутер тізгіндеген жасөспірім жол апатына ұшырады

Қызылордада скутер тізгіндеген жасөспірім жол апатына ұшырады

Қызылордада скутер тізгіндеген жасөспірім жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда қаласындағы Мұратбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында «Nissan Juke» автокөлігі мен скутер соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Скутерді кәмелетке толмаған жасөспірім тізгіндеген, ол бірден ауруханаға жеткізілді. Жол апаты бойынша сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.

«Қызылордада мопедтердің, электроскутерлердің және микромобильді көліктің басқа түрлерінің қозғалысына қатысты мәселе бар. Көбіне осы көлік түрлерін жүргізетін адамдар жол жүру ережесін бұзады, сол арқылы басқа жүргізушілерге және жолаушыларға қауіп төндіреді» дейді облыстық полиция департаментінен.

Фото: ҚазАқпарат

24 қыркүйек 2023 ж. 221 0