Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Баланың терезеден құлауын болдырмау керек

Баланың терезеден құлауын болдырмау керек

Баланың терезеден құлап кетуіне байланысты төтенше жағдайды болдырмау үшін келесі ережелерді сақтау қа­жет:

Терезенің тиісті қорған­сыз москит торларын пайдалан­баңыз. Балалар оларға сүйе­нуді ұнатады, оларды сенімді тірек ретінде қабылдайды, содан кейін олармен бірге құлап кетеді.

– Баланы қараусыз қал­дырмаңыз, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанын­а отырғызбаңыз.

– Бала терезеге шығып, құлап кетпеуі үшін жиһазды терезеге жақын қоймаңыз.

– Балаларға терезелердің жанында төсек немесе басқа жиһаздармен секіруге рұқсат етілмеуі керек.

– Үйді тазалау кезінде балконның немесе ішкі әй­некті есіктердің жанына заттарды жинамаңыз, себебі бала шалынып, жарақат алуы мүмкін.

Әдетте, барлық құлаған жағдайда балалар әртүрлі жи­һаздарды тірек ретінде пай­даланып, терезеге өздігі­нен көтеріледі және мос­кит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлап кетеді. Көбіне, бұл ересектер ба­ла­лардың мінез-құлқын мұ­қият қадағаламауынан немесе туыстары мен доста­рының терезелерді жабуды ұмы­тып кетуінен, терезелерде блокаторлардың не­месе терезе тұтқалары-құ­лып­тарының бол­мауынан қайғылы жағдай орын алуы мүмкін. Сонымен қатар жиһаздың дұрыс орналаспауы балалардың терезелерге өздігінен көтерілуіне мүмкіндік береді. Бұл өте қауіпті. Жалпы, жабық терезе­нің елесін тудыратын москит торларының қауіптілігін естен шығармаған абзал. Сақтықта, қорлық жоқ.


Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Фото: ашық дереккөзден
30 мамыр 2023 ж. 356 0