Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекелік іс-шара кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Мерекелік іс-шара кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Мамыр айында мерекелік күндер көп екендігі бар­шамызға мәлім. Мерекелік іс-шаралар өтетін орын­дарында, халық көп шоғырланатыны және адам­ өзінің қырағылығын жоғалтатыны рас. Соның сал­дары өрт қауіпсіздігі ережелерімен талаптары сақ­талмай, арты қайғылы жағдайларға әкеліп соғады.

Адамдардың көп шоғырланған орын­­­дарында жанғыш құрамды зат­тар­ды қолдану кезінде қауіпсіздік ере­же­лерін қатаң сақтау қажет. Себебі бір адамның қауіпсіздікті сақтамауы жанындағы көптеген адамға қайғы әке­луі мүмкін. Сондықтан көпшілік жер­де өрт қауіп­сіздігі аса сақтықты талап етеді.

Адамдардың көп шоғырланатын орын­дарында мерекелерді жүргізу жә­не оны ұйымдастыру кезіндегі шаралар:

1. Мерекелік іс-шаралар өтетін орын­дарда жауапты қызметкерлерден ке­зекшілікті бекіту;

2. Жүргізілген электр жүйелерінің талапқа сәйкес болуына аса назар аудару;

3. Шара жүргізілетін бөлме алғаш­қы өрт сөндіру құралдарымен жабдық­талуы керек.

4. Қосымша қосалқы есіктерінің ашық болуын қамтамасыз ету.

5. Кемiнде екi эвакуациялау жолымен қамтамасыз етiлген және жан­ғыш қалқалары бар ғимараттарда 2 қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар ғана пайдаланылады;

Жол берілмейді:

1. Іс-шаралар өткiзiлетiн бөлмелер терезелерiнде торлар болған жағдайда оларды өткiзуге;

2. Бөлмені жобалық құжаттама­да белгiлен­геннен артық адамдармен тол­тыруға;

3. Бөлмелерді қараңғылау үшiн терезелерге қақпақтар орнатуға;

4. Қосалқы өту жолының енiн қыс­қартуға және өту жолдарында қосымша креслолар, орындықтар се­кіл­ді артық заттарды қойып, жолдар­ды бөгемеуге болмайды.

Өрт шыққан кезде немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөлімінің «101»,«112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып, жағдайды, төтенше жағдайдың мекен жайын асықпай, толық айтуы тиіс.

Сонымен қатар Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде 8/72436/ 21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды.

Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
13 мамыр 2023 ж. 241 0