Мереке күндері қауіпсіздікті сақтау маңызды
Қыс айларында мерекелік күндер көп екені белгілі. Мерекелік іс-шаралар өтетін орындарда халық көп жиналып, адам өзінің қырағылығын жоғалтады. Соның салдарынан өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары сақталмай, арты қайғылы жағдайларға әкеліп соғады. Сондықтан адамдар көп шоғырланатын орындарда жанғыш құрамды заттарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуы керек.
Адамдардың көп шоғырланған орындарында, жаңа жылдық мерекелерді ұйымдастыру кезінде төмендегі ескертпелер қаперге алынуы керек:
1. 2 қабаттан жоғары орналасқан ғимаратта жанатын жабылғылармен терезе торлары болмау керек. Бөлмеден екі шығу жолынан кем емес эвакуациялық жолдар болу қажет;
2. Шыршаны құрған кезде негізгі шыршаның бұтақтары қабырғаға және төбеге тимеуі және ғимараттан адамдардың шығуына кедергі жасамауы қажет;
3. Электр жарықтандырғыш желісін қолданған кездегі 12 Вт шамдар қолданылуы мүмкін, шамдардың қуаттылығы 25 Вт дейін рұқсат етіледі;
4. Жарықпен әсемделген шыршада (сымдардың қызуы, шамдардың жарқылдауы) ұшқын пайда болғанда тез арада тоқтан ажырату керек;
5. Іс-шараны өткізу кезінде ғимаратта өртке қарсы кезекшілік ұйымдастырылып, шара өтетін бөлме алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек.
Шара өткізілетін бөлменің терезелері торлармен жабық болуына, доғал қуатты жарық түсіретін құрал, от шашу және басқа да түрлі-түсті өртке қауіпті құралдарды қолдануға, шыршаны целлюлозадан жасалған ойыншықтармен, дәке мақтамен әшекейлеуге, бөлмелерді қараңғылауға рұқсат берілмейді.
Қатар арасындағы шығу жолының енін кішірейтуге және шығу жолдарына қосымша орындық қоюға, бөлмеге нормадан артық адамдарды кіргізуге болмайды.
Жанғыш құрамды заттарды тұрғындарға сатқанда қалай қолдануы керектігі бойынша нұсқаулығы көрсетілуі қажет. Көрсетілген ақпарат мемлекеттік және орыс тілінде жақсы көрінетін баспа әріптермен көрсетілуі керек.
Мереке күндері өтетін іс-шара қайғылы жағдай әкелмес үшін жанғыш құрамды заттарды пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігінің талаптарын қатаң сақтаған жөн.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөлімінің «101», «112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып, жағдайды, мекенжайды хабарлау керек.
Сонымен қатар Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде сенім телефоны 8/72436/21-4-94 жұмыс жасайды.
Р.Беркімбаев,
Сырдария ауданының төтенше
жағдайлар бөлімінің аға инженері,
азаматтық қорғау капитаны