Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекелік іс-шарадағы өрт қауіпсіздігі

Мерекелік іс-шарадағы өрт қауіпсіздігі

Қыс айларында мерекелік күн­дер көп екендігі баршамызға мәлім. Мерекелік іс-шаралар өте­тін орындарында, халық көп шоғырланатыны және адам өзінің қырағылығын жоғалта­тыны рас. Соның салдары өрт қауіпсіздігі ережелерімен талаптары сақталмай, арты қайғылы жағдайларға әкеліп соғады. Естеріңізге салатын жайт: адамдардың көп шоғырланған орындарында жанғыш құрамды заттарды қол­дану кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы.

Адамдардың көп шоғырланған орындарында, мерекелерді жүргізу және ұйым­дастыру кезіндегі шаралар:

1. Мерекелік іс-шаралар өтетін орын­дарда жауапты қызметкерлерден кезек­шілікті бекіту;
2. Жүргізілген электр жүйелерінің та­лапқа сәйкес болуына аса назар аудару;
3. Шара жүргізілетін бөлме алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек.
4. Қосымша қосалқы есіктерінің ашық болуын қамтамасыз ету.
5. Кемiнде екi эвакуациялау жолымен қамтамасыз етiлген және жанғыш қалқалары бар ғимараттарда 2 қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар ға­на пайдаланылады.

Жол берілмейді:
1. Іс-шаралар өткiзiлетiн бөлмелер терезелерiнде торлар болған жағдайда оларды өткiзуге;
2. Жобалық құжаттамада белгiлен­геннен артық адамдармен толтыруға;
3. Бөлемелерді қараңғылау үшiн терезелерге қақпақтар орнатуға;
4. Қосалқы өту жолының енiн қыс­қар­туға және өту жолдарында қо­сымша креслолар, орындықтар қоюға, артық зат­тармен бөгемеуге.

Өрт шыққанда немесе төтенше жадай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып жағдайды, мекен жайын асықпай толық айтуы тиіс.
Сырдария ауданы төтенше жағдай­лар бөлімінде 8/72436/21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды.

Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімі
06 желтоқсан 2022 ж. 340 0