Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

Қызылорда облысында Самара – Шымкент тас жолында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

3 қазанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Шымкент – Самара тас жолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. 

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне себепкер болу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

«Жол апаты салдарынан 5 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.

Оқиғаның мән-жайлары анықталуда. 




03 қазан 2022 ж. 541 0