Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушылардың жұмысы аяқталды

Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушылардың жұмысы аяқталды

Түркиядағы жойқын зілзаладан соң 10 күн бойы іздеу-құтқару шараларын жүргізген қазақстандық құтқарушылар өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрдағы қаласындағы 35 құтқарушы өздеріне тапсырылған учаскеде барлық жұмыстарды бітірген. Олар үйінді астынан 3 адамды алып шықты.

Одан кейін Газиантеп қаласындағы құтқарушы топ та жұмысын аяқтап, техникалары мен құрал-саймандарын жиыстырып жатыр. Газиантеп қаласында құрылған жылжымалы аурухана да жиналды. Қазақстандық дәрігерлер 140 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсеткен. 

10 күн ішінде қазақстандық құтқарушылар 8 адамды үйінді астынан алып шыққан. Ертең олардың алғашқы легі елге орала бастайды.

“Берілген тапсырмаларды орындап, жұмыстарды аяқтап жатырмыз. Қолымыздан келгенше күшіміздің бәрін салдық. Құтқарушыларымыз күні-түні кезекшілікке бөлініп, жұмыс істеп жатыр. Өте қауіпті жұмыс. Өздеріңіз де басқа мемлекеттердің, осы түрік елінің құтқарушыларының да жарақат алғанын көріп жатырсыздар. Тәртіптің арқасында осы жұмысты аман-есен аяқтадық”, - деді ҚР ТЖМ бірінші орынбасары Ибрахим Күлшімбаев.
17 ақпан 2023 ж. 331 0