Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда зілзалада із-түзсіз кеткен Мирболат Құрмашевтің денесі табылды

Түркияда зілзалада із-түзсіз кеткен Мирболат Құрмашевтің денесі табылды

Түркияда жоғалған қазақстандық Мирболат (Мирус) Құрмашевтің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Түркияның Хатай қаласында жер сілкінісінен кейін хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтарды іздеуге аттанған бастамашыл топ Telegram парақшасында мәлімдеді.

«Біз одан айырылып қалдық» деп жазылған хабарламада.

Мирболат Құрмашевтің денесін біздің құтқарушылар үйінді астынан алып шыққан.

«Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандықтың денесі шығарылды. Үйінді жағдайындағы қозғалыс кезінде іздестіру барысында құтқарушылар алдын ала белгіленген іздестіру орнына жету үшін барынша жедел түрде арнайы ойық жасады. Құтқарушылар кішкентай бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді. Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтер қайта құламас үшін тосқауылда кішкентай саңылау жасауға тырысты, үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітті, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты» деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирболат Құрмашевтің Түркияда жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Жер сілкінісінен кейін Мираспен байланыс үзілген.

Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, зілзала кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған.

Кейін Мирус Құрмашевтің тағы үш әріптесі байланысқа шықпай қалды. Оның екеуі қазақстандықтар және бірі – Түркия азаматы.

Оның ішінде Сабина Мамадьярова аман табылды, ал бүгін Әділ Қадірбековтің денесі үйінді астынан шығарылды. Үшінші адам - Түркия азаматы да мерт болған.
10 ақпан 2023 ж. 307 0