Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысында көлік түйеге соғылып, бір адам көз жұмды

Қызылорда облысында көлік түйеге соғылып, бір адам көз жұмды

Қызылорда облысында көлік түйеге соғылды. Жол апатынан 1 адам көз жұмып, 1 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға «Қызылорда-Жалағаш» тасжолының Сырдария ауданы аумағында болған.

«Жол бойында «Мазда-626» автокөлігі түйе малын қағып кеткен. Жол апатынан 1 адам көз жұмып, 1 адам ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, тиісті сот сараптамасы тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында бензовоз жеңіл көлікке соғылып, 4 адам көз жұмды.
17 желтоқсан 2022 ж. 437 0