Пиротехникалық заттарды пайдалану ережесі
Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау көтерме сауда және шығыс қоймаларында штабельдер немесе ағаш төсемдерде және бөлшек сауда желісі қоймаларында сақталады.
Өзіне-өзі қызмет көрсету дүкендерінің сауда үй-жайларында тұрмыстық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатуды тек мамандандырылған секцияларда сатушы-консультант жүргізеді, сатып алушыларға тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдарды тікелей ұстауға болмайды. Сауда ұйымдарының (дүкендердің) қойма үй-жайлары үшін 5 000 келіден аспауы тиіс.
Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды тұрақты және уақытша сақтауға арналған жұмыс істеп тұрған және жаңадан пайдалануға берілген барлық қойма аумақтық ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс. Әрбір сақтау қоймаларында азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға аумақтық полиция органдары берген рұқсат етілген санынан аспайтын мөлшерде сақтауға болады. Әрбір базистік және шығыс қоймаларының паспорты болуы тиіс, оның бір данасы қоймада сақталады.
Отшашуларды қоғамдық-мәдени көпшілік іс-шараларда қолдану тек аумақтық ішкі істер органымен келісілген, жұмысты жүргізуге құқығы бар құжаттамалар бекітілгеннен кейін жергілікті әкімшіліктің рұқсатымен жеке және заңды тұлғаларға рұқсат етіледі. Бұл ретте, азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарға техникалық құжаттамалар, орналастыру жоспары, бұйымдарды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған көлік келісуге ұсынылады.
Мәдени-көпшілік және бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде отшашуды қолдану үшін ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органға іс-шара өткізуге дейін кемінде 10 күн бұрын қолдаухатпен өтініш білдіреді.
Отшашу жүргізілетін алаңдарда:
1) темекі шегуге және от жағуға;
2) мас күйде жұмыс істеуге;
3) отшашу құралдарын күзетусіз қалдыруға қатаң тыйым салынады.
Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
төтенше жағдайлар бөлімі