Қызылордада Республика күнінде 55 сәби дүниеге келді
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов облыстық перинаталдық орталығында «25 қазан - Республика күні» бір тәулікте туылған сәбилер мен аналарын құттықтады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Онда Ұлттық мереке күні дүниеге келген нәрестелер ме аналарына аймақ басшысының орынбасары Нұрымбет Аманұлы, «Біз үшін ең бастысы нәрестелер мен аналар денсаулықтарының мықты болуы. Мереке күні дүниеге келген барлық сәбидің аман-сау болуымен қатар, айтулы ел азаматы болып өсуіне тілектеспін. Қазақтың саны көп болсын!», - деген ізгі тілеген білдіріп, әрбір анаға жаңа туылған сәби күтіміне арналған қобдиша сыйға тартты.
Өз кезегінде босанушы аналар Нұрымбет Аманұлы мен Сабит Бексеитұлына зор ризашылықтарын білдіріп, тілектерін жаудырды.
Қазіргі таңда балалар мен аналарының денсаулық жағдайлары жақсы.
Мереке күні босанған сәбилер мен аналарын құттықтау шарасы аудандарда да жалғасуда.
Айта кетейік,«Республика күнінде» 1 тәулікте облыс бойынша барлығы 55 бала туылса, оның 38-і ұл, 17-сі қыз бала.