Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Республика күніне ұйымдастырылатын іс-шаралар негізгі бес бағытта өткізіледі

Республика күніне ұйымдастырылатын іс-шаралар негізгі бес бағытта өткізіледі

Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында республика күніне ұйымдастырылатын іс-шаралардың негізгі 5 бағытта өткізілетінін хабарлап, БАҚ өкілдеріне игі шаралардың тізбегін баяндады.

«Бірінші бағыт – ресми шаралар. Онда барлық жергілікті атқарушы органдар мен мекемелерде салтанатты жиындар өткізіліп, әр салада еңбек сіңірген қызметкерлер мен еңбек ардагерлері және төтенше жағдай кезінде ерлік көрсеткен азаматтар марапатталады.

Екінші бағыт – елдегі қогамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттауға арналған шаралар. Бұл бағытта ғылыми конференциялар, шығармашылық кештер, фестивальдар, форумдар, дөңгелек үстелдер мен танымдық кездесулер, ашық сұхбат алаңдары, тақырыптық лекциялар өткізіледі.

Үшінші бағыт - мәдени-бұқаралық іс-шаралар. Аймақта 20 қазаннан бастап барлық орталық алаңдар мен саябақтарда мерекенің бүкіл халықтық атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаппай серуендер, жәрмеңкелер, көрмелер, экспозициялар, мерекелік концерттер, от шашулар және басқа да мерекелік іс-шараларды өткізу жоспарлануда.

Төртінші бағыт - қайырымдылық және қоршаған ортаны қорғауға арналған экологиялық акциялар. Бұл мерекенің әлеуметтік миссияларының бірі – әрбір қазақстандықтың мұқтаж адамдарға өтеусіз көмек көрсетуге мүмкіндігі бар екенін сезіндіру.

Бесінші бағыт - мерекені көрнекі безендіруге және ақпараттық сүйемелдеуге ерекше мән беріледі, - деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы.
19 қазан 2022 ж. 283 0