Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Қызылордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Қызылорда қаласында көп қабатты үйде болған өрттен 12 адам құтқарылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Оқыс оқиға 3 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылында болды. Көп қабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттардың жануынан өрт шыққан.

«Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары барды. Олардың күшімен 12 адам (оның ішінде 3 бала) қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
04 қыркүйек 2022 ж. 208 0