Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Сиднейде акула шабуылынан бірнеше жағажай жабылды

Сиднейде акула шабуылынан бірнеше жағажай жабылды

Бұл жағажайлар соңғы 60 жылда алғаш рет жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған кеше акуланың бір адамға шабуыл жасап, мерт қылуы себеп болды. Оқиға шаһардан 20 шақырымдай жердегі Биттл-Бей жағажайында болған. Қазір мамандар жыртқышты ұстау үшін торлар құрып, дрондармен оның жүрген жерін анықтауға күш салып жатыр. Тұрғындарға күн ысыса да теңізге барып суға түспеу ескертілген.

Карен Ромалис, тұрғын:

– Өте аянышты оқиға. Бірақ біз мұхитта шомылуға барған сайын қауіп қатерге бас тігетінімізді ұмытпауымыз керек. Себебі бұл сол жыртқыштардың мекені. Сондықтан суға түскенде абай болу керек.
17 ақпан 2022 ж. 438 0