Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ақ нөсер жер мен көкті түрлендірді

Ақ нөсер жер мен көкті түрлендірді

Рахат-ау күн астында көңіл қызып,
Ұмытып бұлтқа батқан күндеріңді...
Өмірдің ағындары сеңді бұзып,
Ақ нөсер жер мен көкті түрлендірді.

Шиқылдап қуаныштан құйттай торғай,
Тіршілік тәттілігін паш етіп бір,
Мен үнсіз отырғанға риза болмай,
Терезе жақтауында секіріп жүр.

Жалғасып, қабаттасып жатқан дүние...
Бөбегім келеді, әне тәй-тәй басып.
Жібіген қабақтарға күлкі үйіре,
Ертеңгі болашаққа есік ашып.

Көңілде шуағымыз арылмасын,
Енгенбіз бұл өмірге көктем құшып.
Тәңірім жарылқаудан жаңылмасын,
Әрдайым жүрек тұрсын алып-ұшып.

Жадыра ДӘРІБАЕВА
27 наурыз 2021 ж. 659 0