Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Санжар Әділов ММА-дан Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді

Санжар Әділов ММА-дан Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық спортшы ММА-дың дәстүрлі стилі бойынша 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегер атанды.

Бұл жүлденің тарихи маңызы бар. Аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов ММА бойынша Азия ойындарында жүлде жеңіп алған алғашқы ел спортшыларының қатарына енді.

XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Айти–Нагояда өтіп жатыр.

Айта кетейік, Рината Сұлтанова Қазақстанға Азия ойындарындағы алғашқы алтынды әкелді. Сондай-ақ триатлоншы Арлан Жаңабай Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.


Сурет: Туризм және спорт министрлігі
21 қыркүйек 2026 ж. 41 0