Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Байқоңырда жоғалған ұлдардың бірінің денесі табылды

Байқоңырда жоғалған ұлдардың бірінің денесі табылды

Байқоңырда жоғалған ұлдардың бірі өлі күйінде табылды. Бұл туралы Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер мәлімдеді. Екінші баланы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір баланың денесін таптық. Мамандар мән-жайды анықтап жатыр. Екінші баланы іздеп жатырмыз", - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
"Іздеу жалғасуда. Таңертеңгісімен РФ және ҚР полициясы еріктілермен бірге топтарға бөлініп, қаланы аралауға кірісті. Қазіргі уақытта судан құтқарушылар өзенді қарауда. Прокуратура және Тергеу Комитетінің ресми жарияланымдарынан ахуалды бақылауды сұраймыз және қуатталмаған мәліметке сенбеуге шақырамыз", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Байқоңыр қаласында 20 ақпанда жеті жасар екі бала жоғалып кеткені хабарланды. "Маяк" спорт кешенінен жаттығудан шыққан екі бала жоғалуына байланысты Ресейдің Тергеу комитеті балалардың жоғалу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. 
21 ақпан 2021 ж. 671 0