Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сіз естімеген қызық оқиға

Сіз естімеген қызық оқиға

Әледегі ең қызықты оқиғалар жайында blog.madeniportal.kz сайтнда.

Бір кездері Бернард Шоу кез-келген әйелді сатып алуға болады деген болатын. Бұл сөзді естіген Ұлыбритания ханымы, Бернардпен кездескенде:
– Кез-келген әйелді сатып алуға болады деп айтқан сөзіңіз рас па? – деп сұраған болатын.
– Иә, мәртебелім.
– Мені де ма? – деп ашуланады ханым.
– Сізді де, мәртебелім, – дейді сабырлы қалпын сақтап, Шоу.
– Сонда мен қанша тұрам?! – деген сөз ханымның аузынан байқаусызда шығып кетеді.
– Он мың фунт стерлинг, – бірден бағасын белгілейді, Шоу.
– Не, соншалық арзан ба?! – таң қалады ханым.
– Көрдіңіз бе, сіз тіпті саудаласауға көштіңіз, – деп жымиған екен, драматург.

Біз, күйеуім екеуміз кафеде кофе ішіп тұрғанбыз. Күйеуім жас әрі сымбатты болған, мен оны сүйетінмін. Менің үстімде өңімді кетіретін, ескі пальто болды. Сол үшін мен өзімді кембағал сезініп, жылытудың орнына ұсқынсыз қып көрсететін пальтоны жеккөретінмін. Кафе арзан, ал кофе дәмсіз болатын. Бір күні сәнді көйлекпен, әдемі мейрамханада дәмді кофе ішеміз деп армандайтынмын. Ал күйеуім болса мені сүйетін, маған шуақты жанарымен қарап, менің не үшін мұңаятынымды білмейтін… Ол жас өлді, ал мен қалдым. Кейін менің өмірімде көптеген сәнді пальто, неше түрлі кафе де кофе де болды. Ал, ол болмады. Менде бәрі болған, бірақ өзім білмеген сол сәтті жиі еске аламын.

Әлемдегі ең қысқа әрі ең қызықты хикаялар

1. Бір күні Хемингуэй алты сөзден тұратын хикаялардың ең аяныштысын жазамын деп (өз тілінде) бәстескен болатын. Ол бәсті жеңіп алды.
«Балалар аяқ киімі сатылады, ешқашан киілмеген» (For sale: baby shoes, never used)
2. Оқиғаның басы мен шиеленісі бар ең қысқа хикаялар байқауының жеңімпаз шығармасы. (О. Генри)
«Шопыр темекісін тұтатып, қанша бензин қалғанын көру үшін бензобакқа еңкейді. Марқұмның жасы жиырма үште болатын.»
3. Фредерик Браун. Бір кездері жазылған қысқа әрі ең үрейлі хикая.
«Жердегі ең соңғы адам бөлмеде отырған. Біреу есік қақты.»
4. Ұлыбританиядағы өткізілген, ең қысқа хикаялар байқауы.
Шарттары:
-Құдай туралы айтылу керек.
-Ханшайым,
-Кішкене жыныстық қатынас пен қандай да бір құпия болу керек.
Жеңімпаз шығарма:
«Құдайым-ай – айқайлап жіберді ханшайым, – менің аяғым ауыр, бірақ кімнен екені белгісіз!…»
5. Ең қысқа биография жазу байқауында жеңіске жеткен француз әйелі, былай деп жазған екен:
«Бұрын менің бетім тегіс, ал белдемшем қыртыс болған, қазір бәрі – керісінше»
55 сөзге дейін жазылған ең қысқа хикаялар.
Джейн Орвис
Терезе
Ританы қаталдықпен өлтіргеннен бері, Картер терезе жақта отыратын болды.
Ешқандай теледидар, кітаптар, хаттар. Оның өмірі – перденің ар жағында.
Төлемдерді кім төлеп жатыр, тамақты кім әкеледі оған бәрі бір. Ол бөлмеден аттап баспайды.
Оның өмірі – жүгірген адамдар, ауысқан мезгілдер, ағылып жатқан көліктер, Ританың елесі.
Киізбен бітелген палатада терезенің жоқ екенін, Картер түсінбейді.
Лариса Керкленд
Ұсыныс 
Жұлдызды түн. Ең қолайлы уақыт. Майшам жағылған кешкі ас. Италияның жайлы мейрамханасы. Кішігірім қара көйлек. Сәнді шаш, жарқыраған жанар, күміс күлкі. Екі жыл біргеміз. Ғажайып уақыт. Шынайы махаббат, жақын дос, басқа ешкім жоқ. Шампан! Жүрегім мен қолымды ұсындым. Бір тізге отырып. Адамдар қарап тұр? Қарай берсін! Бриллианты бар керемет сақина. Шырайлы рең, көркем жымиыс.
-Қалай, жоқ?
Чарльз Эрнайт
Елес
Бұл оқиға орын алған бетте, қайғылы хабарды әйеліме жеткізу үшін үйге асықтым. Бірақ, ол мені мүлдем тыңдамаған сияқты. Ол мені мүлдем байқамады. Ол маған қарап тұрып, өзіне ішімдік құйды. Теледидарды қосты.
Осы сәтте телефон шырылдады. Ол тұтқаны көтерді.
Мен оның қабақ шытқанын көрдім.
Ол зар еңіреп жылап жіберді.
Эндрю Э. Хант
Алғыс
Жақында ғана қайрымдылық қоры сыйлаған жүн көрпе, оның иығын ыңғайлы жауып тұрды, ал қоқыстан тауып алған бәтеңкесі мүлдем аяғын қыспады.
Суық түнектен кейін жанын жылытқан, жанға жайлы дала шамдары…
Әбден шаршаған арқасына, бақтағы отырғыштың жалтарысы таныс сезілді.
«Рамет саған, Тәңірім, – ойлады ол, – өмір сондай керемет!»
Брайан Ньюэлл
Ібіліс нені қалайды
Екі бала кетіп бара жатқан ібілістің соңына қалқиып қарап тұр. Оның зымиян жанарының жарқылынан, олардың санасындағы тұман әлі сейілмеді.
-Тыңдашы, ол сенен не сұрады?
-Менің жанымды. Ал сенен?
-Автомат-телефонға салатын тиын. Оған шұғал қоңырау жасау керек болды.
-Жүр қаласаң тамақтанып алайық?
-Әрине, бірақ менде мүлдем ақша жоқ.
-Ештеңе етпейді. Менде ақша көп.
Алан Е. Майер
Сәтсіздік
Денем қатты ауырып сыздағаннан оянып кеттім. Көзімді ашқанда, бас жағымда тұрған медбикені көрдім.
-Фуджима мырза – деп, шақырды ол – жолыңыз болды, екі күн бұрын болған Хиросимадағы жарылыстан аман қалдыңыз. Қазір сіз емханадасыз, енді ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Әлсірегеннен өлермен хәлде:
-Мен қайдамын? – деп, сұрадым одан
-Нагасакиде – деп, жауап берді ол.
Джей Рип
Тағдыр
Бізде бір ғана шешім болды, өмірміздің байланысқаны соншалық, ыза мен рахаттың шатысқан түйінін шешуіміз керек болды. Жребиге сенім артайық: қыран түссе – үйленеміз, шік болса – айрылысамыз.
Тиын тасталды. Ол тырс етті де шыр айналып барып тоқтады. Қыран.
Біз түсінбестікпен тесіліп қарап қалдық.
Сосын, бірдей дауыстап:
«Мүмкін, тағы да?»
Роберт Томпкинс
Ақиқаттың ауылы
Шалғай ауылға келгенде оның іздестіруі ақыры аяқталды-ау. Көнерген үйде, ошақтың қасында Шындық отырды.
Ол бұрын соңды мұнша қартайған, ұсқынсыз әйелді көрген емес.
-Сіз – шындықсыз ба?
Тыжырайған кәрі мыстан маңғаздана бас изеді.
-Айтыңызшы, әлемге қандай хабар айтайын? Не жеткізуім керек?
Кемпір жанған отқа түкірді де.
-Менің жас әрі әдемі екенімді айт оларға! – деп жауап қатты.
Аударған: Санжар БЕКЖАН
13 қыркүйек 2019 ж. 889 0