Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АҒАШТАН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

АҒАШТАН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

Қазір қолынан іс келетін адамға кә­сіп көп. Тек ізденіп, ерін­бей еңбек етсе бол­ғаны. Ал осы ерінбеудің ең төресі – ұсталық па деймін?! Төзім мен шыдамды серік етіп, ағаштан түйін түюдің өзі нағыз шебердің ғана қолынан келмек. Ата-бабаның дәстүрлі мұра­сын жалғаушы қолөнершіге деген сұраныс та күннен-күнге артып келеді. Өйткені, қазір сыйлы қонақ күткенде байырғы ағаш тостағанмен, астау сынды табақпен ас әкелу бұрынғы дәстүріміздің жалғасы ретінде үрдіске айналды. Төрде ілініп тұрған домбыра мен қамшы да осы шебер қолды ұсталардың қолөнер туындысы.
«Қоғалыкөлде ағаш ұстасы бар» дегенде бағытымызды бірден солай бұрдық. Өзі ағаш шеберінің қолөнер бұйымдарын, ұстаханасын көру деген ерекше дүние. Таңғалатын, таңданатын туындылар көп болады. Сол мақсатта алып-ұшып жеттік. Алтын қолды адам үнемі сұраныста болып, үйінде отырмайтыны анық. Біз барғанда Сауранбек Қойшыбайұлы Жүсіпов көршісінің шатырында жүр екен. Көрші үйінің төбесін жабуға қолғабыс етуде. Қызу жұмыс үстіндегі шебер бізге шамалы уақытын бөлді. Сол аралықта ұсталықтың қыр-сырын сұрап алдық.
– Жақында бір кісі келіп бесігін жөндеп беруді өтінді. Қарасам, 1985 жылы өзім жасаған бесік. Көзіме оттай басылды. 33 жылдан кейін өзімнің алғашқы қолөнер туындымды көргенім бір марқайтты. Сол жылдан бас­тап осы ұсталықпен айналысып келе жатқанымды айтайын дегенім ғой, – деді шебер.
Ұстаханаға кірдік. Іші қашаудан басталған құрал-саймандарға толы. Ағаштың түр-түрі тұр. Одан жасалған бұйымдарды айтсаңызшы. Домбыра, қобыз, күбі, шоқпар, қазақтың аяқ-табағының түрлері, тағы басқа бұйымдар жетерлік. Ортада осы бұйымдарды жасауға ыңғайлы бір үстел тұр. Соның қасында кейіпкеріміз сүйікті ісі жөнінде біраз әңгіме айтты.
С.Жүсіповтың ұсталыққа деген ынтасы бала жастан басталған. Кіш­кентай кезінде ағаштан эксковатор жасап, қызығушылығы артады. Содан соң Қызылордада арнайы оқу оқып, шеберлігін шыңдайды. Облыс орталығында цехта жұмыс жасаған. Сол кездегі екі ауысымның бірінде кешкі сағат 4-те жұмысқа келіп, таңғы сағат 6-ға дейін екі домбыра жасап шығыпты. Ұсталыққа деген қызығушылық осыншама қатты болғанын айтады шебер.
Жас қолөнерші алмағайып кезеңде ауыл совхозында суретші болып жұмыс жасаған. Осы уақытта оның жасаған туындыларына деген сұраныс жоғары болыпты. Ағайынның керек-жарағын жөндеп беріп те отырады. Тіпті, оның бұйымдары көрмелерге қойылатын болған. Бірде облыстық көрмеге сықырлауық дайындайды. Соның нәтижесінде, Сауранбек Қойшыбайұлының еңбегі облыс жұртынан жоғары бағасын алған.
– Көрмеден кейін мектеп директоры Өмірбек Қожанов пен марқұм Зият Әбіласанов келді. Өмірбек ағай мені мектепке жұмысқа шақырды. «Айына 6 мың теңге айлық аласың» деді. Мен «6 мыңды бір аптаның ішінде табамын ғой» дедім. Сол арада «не керек» деп сұрады. Енді ол кездерде баспана – басты мәселе. Бірден «үй керек» дедім. Совхоздың кезінде мектеп интернаты болған. «Сол жерден баспана беріледі, ертең таңертең жұмысқа шық» деп бір қайырды Өмірбек ағай. Содан бері ауыл мектебінде жастарға ұсталықты үйретіп, еңбекке баулудан сабақ беріп келемін, – деді ағаш ұстасы.
Ұстаханада қолөнерші әр бұйымға арнайы әзірлік керек екенін, оның ішінде ағашты дұрыс таңдай білу қажеттігін айтты. Яки, қолөнер туындысының сапалы болып шығуы ағашқа тікелей байланысты. Ол үшін қажетті ағашты алдын ала кесіп, қабыршықтарын алып, кептіріп қояды. Уағы жеткенде, ел-халықтың тапсырысы бойынша бір бұйымды жасап шығарады.
– Мына ағаш тостағанды кедір жаңғағының ағашынан жасадым. Жуық арада жаңағы Өмірбек ағайдың шатырын қағып беріп жатқанмын. Содан бір метрлік ағаш келді. Қайдан алғанын білмедім. Бірден ағайға қолқа салдым. Үйде шатырға қағатын 6 мертлік ағаш бар еді. 1 метрлік кедір ағашының орнына соны берейін дедім. Өмірбек ағай «ағашың қажет емес, мынаны ала бер» деді. Соны алып тез арада осы ыдысты жасап шықтым. Бір жақсысы теп-тегіс болып шығады, – деді тостағанды айналдыра ысқылап көрсеткен ағаш шебері. Одан бөлек, сыр талы, қарағаш, көк терек, қайың ағаштарынан да түрлі бұйымдар жасап шығарған.
«Шебердің қолы ортақ» болғаннан кейін тапсырыс көптеп түседі екен. Ұзатылатын қыздың жасауына арнайы сандықтар жасап береді. Тозығы жеткен ағаш бұйымдарын қалыпқа келтіріп, жөндеп те қояды. Оюлап тұрып бесік те жасайды. Жалпы, тұрғындардың талап-тілегіне орай қолынан келетіннің бәрін істейді. Тіпті, арнайы тапсырыс бойынша ауыл әкімшілігінің мәжіліс залына үлкен үстел де жасап беріпті.
Ұстаханадан кейін ұстаның үйіне кірдік. Ағаштан түйін түйген шебер барлық дайын болған дүниені үйдің ішінен шығарды. «Сынбасты ұста жасайды» дегендей, бесік, қымызқұяр, қымызпіспек, ағаштан жасалған ыдыс-аяқ, гүл қояр секілді бұйымдар мұнда дайын тұр. Жұрт саз балшықтан құмыра жасап жүрсе, ішін ойып ағаштан құмыра жасағанды, өзгелерді қайдам, біз алғаш рет көрдік. Осындайда шын шеберге тәнті болмай көр.
Ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген С.Жүсіпов оқушыларды осыған баулуға мектепте цех ашқан. Мұның жүзеге асуына аудандық мәслихат депутаты, мектеп директоры Сламбек Каюпов мұрындық болыпты. Соның арқасында қазір мектептің қолөнерші жастары ауданға, облысқа, республикаға дейін барып, жүлделі оралып жүр. Олардың аты-жөнін тізбектеп тауыса алмаспыз.
«Қолы ұста адамның қойнында алтын бар» дейді. Сол айтқандай, алтын қолды шебердің құнды дүниелерін көргенде бір серпіліп алдық. Қазақтың сарқылмас өнерінің бірі болған ұсталықтың шын шеберімен тілдескенімізге де ризамыз. Сауранбек аға Қойшыбайұлына алдағы уақытта ойдағы бір дүниені жасатып алуды ойладық. Айтпақшы, қайтар жолда әкімшіліктегі үстелді көріп кеттік. Кәдімгі зауыттан жасап шығарғандай. Тіптен, үстел ортасына арнайы гүл қоятын орын да жасап берген. Сапасы жақсы, бағасы да қолжетімді.

Е.БЕРКІНБАЕВ

15 қараша 2018 ж. 6 477 777

canada drugs online от 26 мамыр 2021 16:23

online pharmacy reviews от 26 мамыр 2021 16:34

online pharmacies legitimate от 26 мамыр 2021 17:16

canadian pharmacies от 26 мамыр 2021 19:19

online pharmacy от 26 мамыр 2021 23:30

canada drugs от 27 мамыр 2021 05:59

online pharmacy от 27 мамыр 2021 08:21

overseas pharmacies shipping to usa от 27 мамыр 2021 10:55

canadian pharcharmy online от 28 мамыр 2021 02:18

canada drugs online от 28 мамыр 2021 07:53

sildenafil generic от 2 шілде 2021 07:59

sildenafil 100mg от 2 шілде 2021 10:00

sildenafil 50 mg от 2 шілде 2021 15:19

sildenafil 20 mg от 2 шілде 2021 19:07

tadalafil 5mg от 5 шілде 2021 19:04

sildenafil 100mg от 13 шілде 2021 01:32

viagra side effects от 14 шілде 2021 03:33

viagra generic от 14 шілде 2021 09:44

generic vardenafil от 21 шілде 2021 14:14

buy vardenafil от 24 шілде 2021 17:46

generic tadalafil от 24 шілде 2021 18:11

viagra for women от 24 шілде 2021 21:40