Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар сыр шертеді

Жұлдыздар сыр шертеді

10 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі ұсынады

Тоқты
Күтпеген жерден шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Әйелдермен түсініспеушілік туындайды. Өзіңізді физикалық тұрғыдан шамадан тыс шаршатпаңыз.

Торпақ
Созылмалы ауруыңыз қозып, жарақаттанып қалуыңыз мүмкін. Батыл болыңыз, «Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де шығасың». Мансап сатысында жоғарылауыңыз мүмкін.

Егіздер
Сабыр түбі сары алтын. Ашуыңызды ақылға жеңдіріңіз. Ішімдік ішпеңіз және көлік жүргізбеңіз.

Шаян
Ескі проблемалар сіздің көңіл күйіңізді бұзуы мүмкін. Романтикалық кеш ұйымдастыруға қолайлы күн.

Арыстан
Бүгін өзіңізді бір шама жайсыз сезінуіңіз мүмкін. Бүгін алкогольді асыра пайдаланбағаныңыз жөн.

Бикеш
Сіздің әрекетіңіз басқалардың қызғанышын оятып, наразылығын тудыруы мүмкін. Басшылар сізді тым қатты сынға алады.

Таразы
Кез келген бастама үшін қолайлы күн. Романтикалық кештерге таптырмас уақыт. Күнделікті күйбең тіршіліктен арылып, өзіңізге демалыс ұйымдастырғаныңыз жөн.

Сарышаян
Бұл күні бизнес пен денсаулыққа қатысты ешнәрсе жоспарламағаныңыз жөн. Банк пен мемлекеттік мекемелермен байланысу үшін қолайсыз уақыт.

Мерген
Түске дейінгі уақыт талантыңызбен танылатын кез. Күннің екінші жартысында келісімшарттарға қол қою, заңгерлік кеңес алу сынды жұмыстарды жоспарламағаныңыз жөн.

Тауешкі
Шығармашылық идеяларды жүзеге асырып, идеяларыңызды дамытуға қолайлы күн. Түстен кейін сауда жасасаңыз табысқа кенелесіз.

Суқұйғыш
Бүгінгі күн сіз үшін отбасыңызбен демалуға қолайлы. Таңертеңгілік жаңа серіктестер табылып, қаржылық мәселелеріңіз шешіледі.

Балық
Сыртқы келбетіңіз бен стиліңізді бүгін өзгертпегеніңіз жөн. Жеке өміріңізде жайсыздықтар орын алады. Бүгін жылдам шешім қабылдап, жұмыс ауыстырмағаныңыз жөн.
10 қыркүйек 2019 ж. 377 0