Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰЛДЫЗДАР СЫР ШЕРТЕДІ

ЖҰЛДЫЗДАР СЫР ШЕРТЕДІ

29 тамызға арналған жұлдыз-жорамалды kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі ұсынады

Тоқты
Бүгін ешкімге қарыз бермеңіз. Егер берер болсаңыз, оны қайтару қиын болады. Әрі отбасылық бюджетіңіз азайып, өзіңіз қиыналып қалуыңыз мүмкін. Сондай-ақ сауда жасаған кезде де қаражатыңызға сақ болыңыз.

Торпақ
Егер ойыңызды жүзеге асырсаңыз немесе көптен бергі арманыңыз орындалса өзіңізді жайлы сезінесіз. Егер сіздің басыңыз бос болса, онда бүгін екінші жартыңызды табасыз.

Егіздер
Бақыттың дәмін татқыңыз келсе, жолға шығыңыз. «Қайда?» және «неге?» деген сауалдарға жауап іздеп әуре болмаңыз. Бастысы басыңызға уақытша баспана тапсаңыз болғаны.

Шаян
Достарыңызбен көп кездесуге тырысыңыз. Себебі олар сізге жақсы жаңалықтар жеткізіп, пайдалы кеңестерімен бөлісетін болады. Тіпті сізді мазалап жүрген мәселелердің де шешілуіне септігін тигізеді.

Арыстан
Бүгінгі күніңізді отбасыңызға арнайсыз. Ересек балаларыңыздың «аяққа тұруына» көмектесесіз. Жалпы, көмек сұраған жандардың меселін қайтармай, олар үшін жаныңыз ауыруы да мүмкін.

Бикеш
Жаздың соңғы күндерін жақсы, есте қаларлықтай етіп өткізуді құп көресіз. Сондықтан бүгін алыс жолға сапарға шығасыз. Өзіңіздің біліміңізді жетілдіріп, таным көкжиегін кеңейтетін боласыз.

Таразы
Бүгін жақындарыңызбен тіл табысып, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болмақ. Отбасындағы барлық мәселені өзіңіз шешіп, шаруаны тиянақты етіп бітіресіз. Белсенділігіңіздің арқасында бүгін біраз жетістікке жетесіз.

Сарышаян
Қай істі қолға алсаңызда барлығы сәтті аяқталатын болады. Бірақ отбасында аздаған қиындықтар орын алады. Ол жөндеу жұмыстарына қатысты болуы да мүмкін. Еш мұңаймаңыз, сіздің қолыңыздан барлығы келеді.

Мерген
Бүгін барлық сізге ғана жүктелген секілді. Мойныңызға артылған шаруа көп. Бірақ еш асықпаңыз. Барлығы өз сәтімен жүзеге асатын болады. Тек сабырлылық таныта біліңіз.

Тауешкі
Бүгін қосымша табыс табуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар жұмыста да абыройыңыз артып, қызметіңіз өседі. Бірақ айналаңыздағы адамдар сіз туралы қауесет таратуы мүмкін.

Суқұйғыш
Қаржылық жағдай және жұмысқа қатысты сұрақтар сізді жиі мазалайды. Бүгін еңбегіңіз еленіп, соның арқасында өз-өзіңізге деген сенімділігіңіз артады. Сонымен қатар жарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі.

Балықтар
Бүгін сіз романтиксіз. Екінші жартысыңызға сыйлық алып, оны қуантуға асығасыз. Жұлдыздар екеуіңіздің ара-қатынасыңызға ешкімді араластырмауды ескертеді. Барлығы өз араларыңызда қалуы қажет.
29 тамыз 2019 ж. 515 0